Төмендегі ережелерді оқып, есте сақта
Аксессуар таңдау ережелері
• Әр іс-шараның ыңғай-ретіне сай киініп, сонымен үйлесетін аксессуарлар таққан дұрыс.
Мысалы, сақина, білезіктерді спорттық киіммен тағу орынсыз.
• Қолғапты аяқ киімге сай таңдау қажет.
• Мектеп киіміне әшекей бұйымдарды көп мөлшерде тақпаған дұрыс.
Орындап көр
|
-
Аксессуарларды қолдан да жасауға болады. Ол үшін қайшы, ине-жіп, ескі тоқыма жейде қажет. Ұсынылған нұсқалардың бірін таңда. Ата-анаңнан жейдеден жіңішке таспалар қиып беруді сұра.
1-нұсқа. Қарапайым алқа
• Ескі тоқыма жейдеден жіңішке таспалар дайында (1-сурет).
• Әр таспаны жіңішкертіп созып, бау жаса (2-сурет).
• Ұштарын қайшымен тегістеп қи. Әр таспаның ұшын түйіндеп байла (3-сурет).
• Түйінделген жерлерін қолыңа жинап, мата жолағымен ора. Жолақтың ұшын орам ішіне жасыр (4-сурет). Ерекше алқа дайын.
|
|
-
2-нұсқа.Гүлді алқа.
Жұмысқа кіріспес бұрын екі түсті таспа сияқты мата қиықтары, фетр қиындысы, желім тапаншасы, қайшы дайындап ал.
• Мата қиығын алып, бір ұшын түйінде. Түйінді айналдыра матаны орай баста (1-сурет).
• Үшінші рет орағаннан кейін матаны сәл босатып, күлтелерге ұқсас бұйралар жаса (2-сурет).
• Матаның ұшын астына жасырып тік. Күлтелерін аш (3-сурет). Осындай 5 гүл дайында. Гүлдер түрлі түстеі болуы мүмкін.
|
|
-
• Ұзындығы 20 см екі түрлі мата таспаларын алып, ұштарын біріктіріп тік. Содан соң оларды бұрап, бау қылып ес. Екінші ұшын да біріктіріп тігіп қой (4-сурет).
• Баудың екі ұшына екі гүліңді тігіп қой (5-сурет).
• Фетрдің үстіне екі гүлді қой. Арасына үш гүлді орналастырып, айналдыра сызып шық (6-сурет).
|
|
-
• Сызылған пішінді қиып ал (7-сурет).
• Қиып алынған үлгіге дайын гүлдерді желімде (8-сурет).
• Гүлді алқа дайын (9-сурет).
|
|
-
3-нұсқа. Түрлі түсті алқа
Берілген алқаны өздігіңнен жаса. Орындау тәсілі мен реттілігін ойлан.
|
|
Өз жұмысыңды бағала
1. Таспалар әдемі болып шықты.
2. Таспалардың түйіскен жері ұқыпты жасалған.
3. Алқа басқа сыяды.