4-сынып. «Еңбекке баулу
Сейтмолдинов Д. Н., Байбакишева М. К., Төлегенова А. З., Ахметова Э. К., Сламбекова Н. М..
Қымбатты дос!
Сенің қолыңдағы оқулық – шығармашылық әлеміне жол сілтейтін жолсерігің. Ол шығармашылық жұмыстың сен білмейтін түрлерін ашуға көмектеседі.
Ұсынылған тақырыптарды зерделеу барысында оригами, поп-ап, квиллинг, гофроквиллинг техникаларымен танысасың, сәулет өнерінің мүсіннен айырмашылығы неде екенін түсінесің. Ежелгі қалаларға саяхат жасап, басқа ғаламшарларға жол тартасың. Табиғи, көркем материалдардан қызықты және ешкімде жоқ шығармашылық жұмыстар дайындап, қолда бар немесе қалдық материалдардан ерекше бұйымдар жасайсың.