Аксессуарлар

Сен:

  • аксессуардың не екенін білесің;
  • аксессуар жасайсың.

Тірек сөздер:

  • аксессуар.

 

Білгенің жөн

Аксессуарлар – сыртқы келбетті немесе стильді толықтыру үшін қолданылатын қосымша заттар. Олар адамның бет-бейнесіне көрік беріп, болмысын ашуға көмектеседі. Аксессуарларға мойын орамалдар, мойын орағыштар, әшекейлер, зергерлік бұйымдар, көзілдірік, қолсағат, қолғап және т.б. жатады.

 

 

 

 

Көзілдірік

 

 

 

 

Рюкзак

 

 

 

Сағат

 

Сұрақтарға жауап бер

Аксессуар деген не?

Аксессуар не үшін қажет?

Аксессуарларға не жатады?

Төмендегі ережелерді оқып, есте сақта

Аксессуар таңдау ережелері

• Әр іс-шараның ыңғай-ретіне сай киініп, сонымен үйлесетін аксессуарлар таққан дұрыс.

Мысалы, сақина, білезіктерді спорттық киіммен тағу орынсыз.

• Қолғапты аяқ киімге сай таңдау қажет.

• Мектеп киіміне әшекей бұйымдарды көп мөлшерде тақпаған дұрыс.

Орындап көр

-

Аксессуарларды қолдан да жасауға болады. Ол үшін қайшы, ине-жіп, ескі тоқыма жейде қажет. Ұсынылған нұсқалардың бірін таңда. Ата-анаңнан жейдеден жіңішке таспалар қиып беруді сұра.

1-нұсқа. Қарапайым алқа

• Ескі тоқыма жейдеден жіңішке таспалар дайында (1-сурет).

• Әр таспаны жіңішкертіп созып, бау жаса (2-сурет).

• Ұштарын қайшымен тегістеп қи. Әр таспаның ұшын түйіндеп байла (3-сурет).

• Түйінделген жерлерін қолыңа жинап, мата жолағымен ора. Жолақтың ұшын орам ішіне жасыр (4-сурет). Ерекше алқа дайын.

-

2-нұсқа.Гүлді алқа.

Жұмысқа кіріспес бұрын екі түсті таспа сияқты мата қиықтары, фетр қиындысы, желім тапаншасы, қайшы дайындап ал.

• Мата қиығын алып, бір ұшын түйінде. Түйінді айналдыра матаны орай баста (1-сурет).

• Үшінші рет орағаннан кейін матаны сәл босатып, күлтелерге ұқсас бұйралар жаса (2-сурет).

• Матаның ұшын астына жасырып тік. Күлтелерін аш (3-сурет). Осындай 5 гүл дайында. Гүлдер түрлі түстеі болуы мүмкін.

-

• Ұзындығы 20 см екі түрлі мата таспаларын алып, ұштарын біріктіріп тік. Содан соң оларды бұрап, бау қылып ес. Екінші ұшын да біріктіріп тігіп қой (4-сурет).

• Баудың екі ұшына екі гүліңді тігіп қой (5-сурет).

• Фетрдің үстіне екі гүлді қой. Арасына үш гүлді орналастырып, айналдыра сызып шық (6-сурет).

-

• Сызылған пішінді қиып ал (7-сурет).

• Қиып алынған үлгіге дайын гүлдерді желімде (8-сурет).

• Гүлді алқа дайын (9-сурет).

-

3-нұсқа. Түрлі түсті алқа 

Берілген алқаны өздігіңнен жаса. Орындау тәсілі мен реттілігін ойлан.

 

Өз жұмысыңды бағала

1. Таспалар әдемі болып шықты.

2. Таспалардың түйіскен жері ұқыпты жасалған.

3. Алқа басқа сыяды.

Сенің нәтижең

0%