Киіну әдебі Сен: киіну әдебімен танысасың; мойын орағышты әдемі байлауды үйренесің. Тірек сөздер: киіну әдебі Ойлан да, сұрақтарға жауап бер Балалар қандай киім киген? Олар бұл киіммен қайда баруы мүмкін деп ойлайсың? Неліктен? Жауабыңды түсіндір. Жауабын таңда.Мектепке барады.Концертке барады.Серуенге шығады. Жауабын таңда.Мектепке барады.Концертке барады.Серуенге шығады. Жауабын таңда.Мектепке барадыКонцертке барадыСеруенге шығады Білгенің жөн Киіну әдебі – бұл киім киюде белгілі бір ережелерді сақтау. Киім адамның баратын жеріне, күн райына, жыл мезгіліне сай және өлшемі дәл болуы тиіс. Әр іс-шараның сипатына қарай лайықты киім киген дұрыс. Сұраққа жауап бер Киіну әдебі дегеніміз не? Киім кию ережелерін сақтау Киімді пайдалану ережелерін сақтау Сурет салу ережелерін сақтау Ережелерді оқып, оларды есте сақта Киім кию әдебіндегі ережелер 1. Киім бірыңғай түсті гаммада таңдалуы керек немесе қолданылатын түстер өзара үйлесуі тиіс. 2. Таңдалған киімдер бір стильде болуы қажет. Яғни джинса шалбарды өкшелі аяқ киіммен емес, спорттық аяқ киімдермен киген дұрыс. Түстерді үйлестіру ережесі Қажетті киімді таңда Мектепте өтетін салтанатты кешке киім таңда. Түсіне, стиліне, матасына назар аудар. Кестенің төменгі жолына таңдалған киімнің реттік санын жаз. 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 Сұраққа жауап бер Қандай түс барлық реңктермен және тондармен үйлеседі? тексеру Сұраққа жауап бер тексеру Анықта Мойын орағыш киім элементі ретінде қандай қызмет атқарады? Берілген фотосуреттерде ол қалай байланған? Мойын орағыштың түсі киімдермен үйлесе ме? Неліктен? Орындап көр Өзіңді тексер Сен футбол, волейбол ойнауға қандай киіммен барасың? Спорттық шалбар мен кроссовка киемін Сәнді жейде мен мектеп шалбарын киемін Мектеп киімін және қалпақ киемін. Киімді қалай таңдау керек? Бірыңғай түсті гаммада Бір стильде Өлшемінің дәлдігіне сәйкес Сенің нәтижең 0% Перезапустить викторину