Өрт кезіндегі қауіпсіздік ережелері туралы постер жаса. Суреттерді салуға немесе ескі газеттер мен журналдардан қиып алуға болады.
1. Алдымен өрт кезіндегі қауіпсіздік ережелерін оқы.
• «01» нөміріне қоңырау шал. Мекенжайыңды және аты-жөніңді анық ата.
• Тығылма! • Терезелерді ашпа!
• Жанып жатқан электр құрылғыларына су құюға болмайды!
• Лифтіні пайдаланба!
• Бөлмеден шығып кетуге тырыс! Мұрның мен аузыңды дымқыл шүберекпен жауып, қабырға бойымен қозғал!
• Көршілерге хабарласып, көмек сұра.
2. А4 форматындағы қағаз, түрлі түсті маркерлер дайындап қой!
3. Ереженің әр тармағына қандай сурет салуға болатынын ойлан.
4. Үлгі ретінде кестедегі суреттерді пайдалануға болады. |