Театр және кино әлеміндегі мамандықтар

Сен:

  • театр және кино әлеміндегі мамандықтармен танысасың;
  • афиша постерін жасайсың.

Тірек сөздер:

  • афиша

 

Суреттерге қара

Берілген адамдардың кәсібі қандай қызмет саласына жататынын анықта.

Білгенің жөн

Театр, кино және музыканың сиқырлы әлемі таңғажайып эмоцияларға толы.

Баурап әкететін атмосфера сиқырлы сезім тудырады. Мұндай атмосфера тек актерлер, музыканттар, режиссерлер, дирижерлердің ғана емес, оларға киім тігетіндер, биді қоятындар, сценарий жазатындар, декорация дайындайтындар, арнайы дыбыстар мен жарық дизайнын жасайтындардың арқасында туындайды.

Афиша дегеніміз не?

Афиша – көрінетін жерге ілінетін спектакль, концерт, лекция, фильм туралы хабарландыру. Афишаның негізгі мақсаты – адамдарды алдағы оқиғалар туралы хабардар ету және оларды оқиғаларға шақыру, сондықтан афишаларды көз тартарлық және есте қаларлық етіп жасайды.
Афишада мәтінге қарағанда суреттер көбірек орын алады.


 

Өз
«Өрмекші адам» фильмін таңдап, аппликация техникасында афиша жаса. Оны жасау үшін саған А3 форматындағы қағаз, А4 форматындағы Өрмекші адамның фотосуреттері бар журналдар, фломастерлер, қайшы және желім қажет.

1. Журналдан Өрмекші адамның фотосын және оның торының суретін қиып ал.

2. Қағаз парағын көлденең қойып, оған өз қалауың бойынша тордың және Өрмекші адамның суреттерін орналастыр. Оларды жабыстыр.
3. Қағаздың жіңішке жолағына «Өрмекші адам» фильмінің атын жазып, парақтың жоғарғы жағына жабыстыр. Парақтың төменгі жағына өтетін күнін, уақытын және орнын жаз.

 

Әсеріңмен бөліс

Афиша жасаған кезде саған не ұнағанын айтып бер. Тағы қандай афишаларды жасағың келеді?

Сыныптасыңның жұмысын бағала

• Барлық суреттер дұрыс және мұқият қиылып, жабыстырылған.
• Жұмыстың белгілі бір композициясы бар.
• Афиша жарқын және тартымды болып шыққан.

Өзіңді тексер

Афишаның негізгі мақсаты қандай?

2. Театр, кино және музыкада сиқырлы атмосфера жасауға кімдер көмектеседі?

3. Афишада әдетте қандай элемент басым болады?

Сенің нәтижең

0%