Орындап көр |
Қалдық материалдардан автобустың макетін жаса.
Шырын қорабы, пластик қақпақтар (4 дана), түрлі түсті қағаз, маркерлер, таяқша, ыстық желім, желім-қарындаш, шырын түтігі, сызғыш пен қайшы дайында.
1. Шырын қорабын түрлі түсті қағазбен қапта. Бұл автобустың корпусы болады (1, 2, 3-суреттер).
|
|
|
|
-
2. Автобустың бүйіріне қара маркермен терезелердің және алдыңғы әйнегінің суретін сал (4, 5-cуреттер). |
|
|
|
-
3. STOP белгісін жаса! Қызыл қағаздан STOP белгісін қиып алып, шырын түтігінің гофрленген бөлігіне жабыстыр. Автобустың алдыңғы жағында жүргізуші терезесінің жанынан тесік жасап, оған түтіктің ұшын өткіз (6, 7-cуреттер). |
|
|
|
-
4. Таяқшаларды қақпақтың ортасына ыстық желіммен жабыстыр (8-cурет). Қақпақтарды қара түске боя. Дөңгелектер ілінген таяқшаларды автобустың астына екі жерден жабыстыр (9, 10-суреттер). Автобус дайын! |
|
|
|