Құтқарушы мамандығы

Сен:

  • постердің не екенін білесің;
  • өрт кезіндегі қауіпсіздік ережелері туралы постер жасайсың.

Тірек сөздер:

  • постер
  • қауіпсіздік ережелері

 

Суреттерді зерделе

Суреттерде қандай мамандықтар бейнеленгенін айтып бер.

Құтқарушы деген кім?

Құтқарушы – төтенше жағдайларда адамдардың өмірін құтқаратын маман. Олар су тасқыны, өрт, табиғи апаттар кезінде адамдарға бірінші болып көмекке келіп, қажет болған жағдайда зардап шеккендерге медициналық қызмет көрсетеді.

Адамдардан бөлек төрт аяқты құтқарушылар да бар, олар қиындыққа тап болған адамды тауып, бұл туралы әріптестеріне хабарлайды.

Құтқарушы деген кім?

Білгенің жөн

Әр адам өзін-өзі құтқара алады. Ол үшін қауіпсіздік ережелері бар, оларды сақтау арқылы адам күнделікті өмірде өз өмірін сақтай алады. Жеке қауіпсіздік, жол қозғалысы және қоғамдық орындардағы қауіпсіздік ережелерін білу қауіп-қатерден аулақ болып, өз өміріңді сақтап қалуға көмектеседі. Қоғамдық орындардағы қауіпсіздік ережелерін сақтау туралы жаднама
• Бейтаныс адамдармен сөйлеспе және оларды үйге кіргізбе.
• Олармен бірге лифтіге және кіреберіске кірме.
• Бейтаныс адамдармен бір көлікке отырма.
• Мектептен кейін, әсіресе, қараңғы түскенде көшеде жүрме.

Сұраққа жауап

Бейтаныс адамдармен сөйлескен кезде қандай ережелерді ұстану керек?

Орындап көр
Өрт кезіндегі қауіпсіздік ережелері туралы постер жаса. Суреттерді салуға немесе ескі газеттер мен журналдардан қиып алуға болады.

1. Алдымен өрт кезіндегі қауіпсіздік ережелерін оқы.

• «01» нөміріне қоңырау шал. Мекенжайыңды және аты-жөніңді анық ата.

• Тығылма! • Терезелерді ашпа!

• Жанып жатқан электр құрылғыларына су құюға болмайды!

• Лифтіні пайдаланба!

• Бөлмеден шығып кетуге тырыс! Мұрның мен аузыңды дымқыл шүберекпен жауып, қабырға бойымен қозғал!

• Көршілерге хабарласып, көмек сұра.

2. А4 форматындағы қағаз, түрлі түсті маркерлер дайындап қой!

3. Ереженің әр тармағына қандай сурет салуға болатынын ойлан.

4. Үлгі ретінде кестедегі суреттерді пайдалануға болады.

Ереже
Суреттің үлгісі
Ереже
Суреттің үлгісі
«01» нөміріне қоңырау шал! Мекенжайыңды және аты-жөніңді анық ата.
Тығылма!
Терезелерді ашпа!
Жанып жатқан электр құрылғыларына су құюға болмайды!
Лифтіні пайдаланба!
Бөлмеден шығып кетуге тырыс! Мұрның мен аузыңды дымқыл шүберекпен жауып, қабырға бойымен қозғал!

Өз жұмысыңды бағала

• Суреттер ережелердің мәнін ашады.
• Суреттер қанық түсті.
• Постерде пайдалы ақпараттар берілген.

Өзіңді тексер

1. Жеке қауіпсіздік ережелеріне қандай ережелер жатады?

2. Құтқарушылар қандай жағдайларда көмек көрсетеді?

3. Төрт аяқты құтқарушылар дегеніміз не?

Сенің нәтижең

0%