-
Қалдық материалдан Марс кемесін жаса. Материалдарды дайында: шырын немесе сүт қораптары, пластикалық қақпақтар, шырын түтіктері, жабысқақ таспа (скотч), фольга (1-сурет). Орындауға кіріс.
1. Шырыннан немесе сүттен қалған қорапты фольгамен немесе кез келген жылтыр қағазбен ора (2-сурет).
2. Қораптың төменгі жағын екі жерінен тес. Тесіктер арқылы түтіктерді өткіз. Тесік жасау үшін мұғалімнен көмек сұрауға болады (3-сурет).
3. Түтіктердің ұштарына пластикалық қақпақтарды орнат немесе желімде. Бұлар – оның дөңгелектері (4-сурет).
4. Макетіңе енді қара картоннан жасалған терезелерді желімде.
5. Дайын ғарыш кемесін камераға ұқсайтын элементтермен толықтыр (5-сурет). |