Басқа ғаламшарға саяхат Сен: гофроквиллингтің не екенін білесің; осы техникада ғарыш кемесін жасайсың. Тірек сөздер: гофроквиллинг Білгенің жөн! Ежелгі заманнан бері адамзатты басқа ғаламшарлар қызықтырған. Ғалымдар басқа ғаламшарларға жете алатын ғарыш аппараттарын ойлап табуды армандаған. Суреттерге қарап, олардың атауларын анықта. Жауабын таңда.Венера-1» ғарыш аппаратының макеті. Жердің төменгі орбитасындағы жұлдызды кеме.Жердің төменгі орбитасындағы жүк тасығыш ғарыш кемесі. Жауабын таңда.Венера-1» ғарыш аппаратының макеті. Жердің төменгі орбитасындағы жұлдызды кеме.Жердің төменгі орбитасындағы жүк тасығыш ғарыш кемесі. Жауабын таңда.Венера-1» ғарыш аппаратының макеті. Жердің төменгі орбитасындағы жұлдызды кеме.Жердің төменгі орбитасындағы жүк тасығыш ғарыш кемесі. Суреттерге қара Гофроквиллинг – гофрлі қағаздан немесе гофрлі картоннан көлемді мүсіндер жасау әдісі. Гофроквиллингтің негізгі элементтері – шеңбер, конус, тамшы, көз, сопақ. 1. Шеңбер – қағаз жолағын гофрленген жағымен сыртқа қарай айналдырып орау. Ұшы желіммен бекітіледі (1-сурет). 2. Конус – орамды ортасын саусақпен сыртқа қарай жылжытып шығару арқылы конус тәрізді пішін алу (2-сурет). 3. Тамшы – орамның бір жағын қысу арқылы тамшы тәрізді пішін жасау (3-сурет). 4. Көз – орамды екі жағынан қысу (4-сурет). 5. Сопақ – жолақтың шетінен сәл шегініп, ұшын бүгіп, орау (5-сурет). Оқы, қызық! Илон Маск – SpaceX ғарыш компаниясын құрған америкалық кәсіпкер және өнертапқыш. Алғаш рет ғарышқа Crew Dragon атты басқарылатын жеке меншік кемені ұшыру туралы бейнежазбаны көр. https://e-oqulyq.nis.edu.kz/wp-content/uploads/2024/09/whatsapp-video-2ee24-ee9-13-at-12.12.1ee.mp4 Орындап көр - Картон мен қағаздан зымыран макетін жасау реттілігін зертте. Жұмыс үшін қажетті гофрленген қағаз жолақтарын дайында. Суреттерге қарап, гофроквиллинг техникасында ғарыш аппаратын жаса. - Ені 15 мм болатын түрлі түсті гофрленген картоннан жолақтар дайындап ал. Зымыран корпусы үшін әрқайсысы 10-12 жолақтан тұратын екі орам жаса. Ұшын желіммен бекіт (1-сурет). Орамдардан конус жаса. Ішіне желім жақ (2-сурет). Зымыран корпусының орталық бөлігі үшін ені 4 см болатын екі картон жолағын қиып ал да, оларды бір-біріне желімде. Бөліктің диаметрі конустың диаметріне тең болсын (3-сурет). Үш ақ және үш қызғылт сары жолақты орау арқылы турбина жаса. Әр орам 5 жолақтан тұрады (4-сурет). Ақ орамдардан конустар жаса. Ішіне желім жақ (5-сурет). Конустарды қызғылт сары орамдарға жабыстыр. Қосылған жерлерін қызғылт сары жолақпен жап (6-сурет). Зымыран корпусын жина. Корпустың орталық бөлігі мен конустардың шеттеріне желім жағып, оларды біріктір. Ара-жігін ақ картон жолақтармен жап (7-сурет). Корпусқа дайын турбиналар мен иллюминаторларды жабыстыр (8-сурет). Өз жұмысыңды бағала - Жұмысты келесі критерийлер бойынша бағала: • Орамдар тығыз жасалған. • Бөлшектер бір-біріне берік бекітілген. • Жіктері көрінбейді. Өзіңді тексер Қайсысы гофроквиллингтің негізгі элементтеріне жатпайды Шеңбер – қағаз жолағын гофрленген жағымен сыртқа қарай айналдырып орау. Ұшы желіммен бекітіледі. Конус – орамды ортасын саусақпен сыртқа қарай жылжытып шығару арқылы конус тәрізді пішін алу. Тамшы – орамның бір жағын қысу арқылы тамшы тәрізді пішін жасау. Домалату – ермексаз бөлігін жұмыртқаға немесе цилиндрге айналдыруға мүмкіндік береді Гофроквиллингтің негізгі элементтерінің суреттеріне қарап, олардың атауларын анықта Жауабын таңда.ШеңберКонусТамшыКөзСопақ Жауабын таңда.ШеңберКонусТамшыКөзСопақ Жауабын таңда.ШеңберКонусТамшыКөзСопақ Жауабын таңда.ШеңберКонусТамшыКөзСопақ Жауабын таңда.ШеңберКонусТамшыКөзСопақ Гофроквиллингтің дұрыс анықтамасы қандай? Гофрлі қағаздан немесе гофрлі картоннан көлемді мүсіндер жасау әдісі. Қағаздан немесе картоннан жалпақ қағаз кескіндерін жасау техникасы. Түрлі түсті картоннан түрлі қағаз мүсіндерін жасау техникасы. Құм мен саздан көлемді мүсіндер жасау техникасы. Сенің нәтижең 0% Перезапустить викторину