Фантастикалық көліктер Сен: табиғи материалдан фантастикалық көліктің макетін жасайсың. Тірек сөздер: фантастикалық көлік Анықта Фантастикалық көліктің қандай ерекшеліктері бар? Түсі және пішіні қарапайым. Түсі, пішіні және көлемі ерекше. Дизайны әдеттегідей Көлемі шағын және түсі үйреншікті. Білгенің жөн Түсі, пішіні, көлемі, дизайны, моделі ойдан шығарылған ерекше көлік фантастикалық көлік деп аталады. Фантастикалық көлікті суреттерде, анимациялық немесе көркем фильмдерде көруге болады. Мұндай көлік түрі адамның жылдам жүйткитін әрі бірнеше функцияны қатар атқара алатын қозғалыс құралын жасау туралы арман-қиялынан туған. Анықта Суреттегі фантастикалық көліктің суреттері қай ғасырға сәйкес келетінін анықта. Жауабын таңда.XVIII ғ.ХІХ ғ. Жауабын таңда.XVIII ғ.ХХІ ғ. Көркем материал. Табиғи материал. Қалдық материал. Жасанды материал. Орындап көр - Табиғи материалдан су көлігінің макетін жасау реттілігін зертте. Табиғи материалдан су көлігі – салдың макетін жасап көр (1-сурет). Сал фантастикалық көлікке айналуы үшін оған не қосуға болатынын ойластыр. Сал жасау үшін ұзындығы бірдей таяқшалар, жұқа жіп пен ыстық желім тапаншасын дайында. 1. Таяқшаларды қатарластырып қой (2-сурет). 2. Таяқша ұштарының арасынан жіпті ары-бері өткізіп, бір-біріне байла (3, 4-суреттер). 3. Енді діңгек дайында. Ұзын таяқшаға екі жағынан суреттегідей екі қысқа таяқшаны ыстық желіммен жабыстыр (5-сурет). 4. Дайын діңгекті салдың ортасына желіммен бекіт (6-сурет). 5. Діңгекке ағаш жапырағын кигізіп, салды гүлдермен безендір (7-сурет). 6. Дайын салды суға жібер (8-сурет). Сабақтағы қауіпсіздік ережелері Ыстық желім тапаншасымен жұмыс істегенде абай бол. Жұмысты аяқтаған соң оны арнайы тұғырына қой, желім таяқшасының ұшын қолмен ұстама. Өткір және тескіш құралдармен абайлап жұмыс жаса. Оқы, қызық! Француз жазушысы Жюль Верн «Наутилусты» – капитан Немоның фантастикалық су асты сүңгуір кемесін ойлап тапты. Кеме тұрқы ұзын, ортасы жуан, екі ұшы сүйірленген алып кит сияқты затқа ұқсайды. «Наутилус» XIX ғасырда технологиялық дамудың көрінісі болды, ал Жюль Верн «сүңгуір қайықтардың әкесі» атанды. Өз жұмысыңды бағала - Жұмысты келесі критерийлер бойынша бағала: 1. Макет ұқыпты орындалған. 2. Таяқшалар бір-біріне мықтап байланған. 3. Макет су бетінде құламай тұрады. Өзіңді тексер Фантастикалық көлікті жасау идеясы неден туындайды? Ұшуды үйренгісі келгеннен Адамның жылдам жүретін және көп функцияны атқара алатын қозғалыс құралын жасау арманынан. Тек шынайы оқиғалардан. Журналдар мен газеттерден. Фантастикалық көлікті қайдан көруге болады? фантаст-суретшілердің суреттерінен, анимациялық және көркем фильмдерден. пейзаж суретшілерінің суреттерінен, ауыл немесе қала көшелерінен. портрет суретшілерінің суреттерінен, өзендер мен көлдерден. анималист суретшілердің суреттерінен, теңізден және мұхиттан. Неліктен Жюль Верн «сүңгуір қайықтардың атасы» деген лақап атқа ие болды? Алғашқы сүңгуір қайықты ойлап тапқаны үшін. «Наутилус» фантастикалық кемесін ойлап тапқаны үшін. Алғашқы күн энергиясымен жүретін кеме жасағаны үшін. Теңізде бастан кешкен шытырман оқиғалар туралы кітап жазғаны үшін. Жюль Верн ойлап тапқан фантастикалық сүңгуір қайық қалай аталады? Наутилус Аэростат Пароход Локомотив Сенің нәтижең 0% Перезапустить викторину