Сәулет ескерткіштері

Сен:

  • сәулет өнерінің не екенін білесің;
  • тұзды қамырдан киіз үй жасайсың.

Тірек сөздер:

  • сәулет өнері

 

Суреттерді зерделе

Бұл құрылыс кешендері еліміздің аумағында орналасқан. Оларды біріктіретін сөзді ата.

 

«Ғарышты бағындырушылар» мемориалы

«Бәйтерек» монументы

Вознесенский соборы

Арыстан баб кесенесі

Суреттерді зерделе

Әр қалада бірегей сәулет құрылыстары бар. Суреттегі құрылыстар орналасқан қаланы ата.

 

 

 

 

Білгенің жөн!

Заманауи ғимараттар құрылысында әртүрлі материалдар қолданылады, мысалы: цемент, бетон, кірпіш, тас, ағаш, шыны, пластик және басқалары. Суреттегі ғимараттардың құрылысында қандай материалдар қолданылғанын анықта.

 

Білгенің жөн

Киіз үй көшпелі сәулет өнерінің жауһары деген атқа әбден сай. Оның басты құпиясы – ыңғайлылық, қарапайымдылық және қолайлылық: оңай тасымалданады, тез жиналады, ал киізден жасалған жабын жаңбырдан, желден және суықтан қорғайды.

Киіз үй – сәулеттік дизайнымен ерекшеленетін жиналмалы тұрғын үй. Сәулеттік құрылыс ретінде киіз үй мынадай құрылымдардан тұрады: кереге (үйдің торлы қабырғалары), уық (шаңырақты тіреп тұратын имек ағаш), шаңырақ (киіз үйдің бас бөлігі), сықырлауық (есік).

Киіз үйдің ерекшеліктері туралы бейнежазбаны қара.

Өз
Тұзды қамырдан киіз үй жаса. Алдымен қамырды дайында. Ол үшін 1 ас қасық ПВА желімі, 100-150 г су, 200 г ұн, 200 г ұсақ тұз, 1 шай қасық күнбағыс майы қажет.
Жұмыс кезеңдері:

1. Кесені төңкеріп, сыртын фольгамен қапта (1-сурет).

2. Қамырды жайып, кесенің сыртын тұтастай орап шық (2-сурет).

3. Шаңырақ пен есіктерге арнап бос орындар қалдыр (3-сурет).

4. Шаңырақ жаса.

5. Киіз үйді кептіріп ал. Кепкен соң оны түрлі түсті ермексазбен безендір.

Сабақтағы қауіпсіздік ережелері

Қамырмен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік ережелерін сақта. Үстіңе алжапқыш ки. Лас қолыңмен көзіңді ұстама. Жұмысты аяқтаған соң қолыңды жылы сумен сабындап жу.

 

Өз жұмысыңды бағала

Киіз үй мұқият жасалған ба?

Үйдің құрылысы мен сыртқы көрінісін жақсарту үшін қандай ұсыныстар берер едің?

Өзіңді тексер

Ғимараттар мен құрылыстарды салу және жобалау өнері мен ғылымы қалай аталады?

2. Оңай тасымалданатын және тез жиналатын сәулет құрылысы қалай аталады?

Киіз үйдің торлы қабырғалары қалай аталады?

Сенің нәтижең

0%