-
«Кішкентай аспаз» инсталляциясын жаса.
Қалың қағаз парағын, медициналық бетперде, ермексаз, пластикалық шанышқы мен қасық, қайшы, желім дайындап қой.
1. Қалың қағазды түтік етіп орап, шеттерін жабыстыр. Бұл – денесі.
2. Денесінің жоғарғы бөлігіне ермексазбен көздерін, мұрнын, аузы мен мұртын белгіле. Төменгі жағына ақ қағаз жолағын желімдеп, көбелек-банттың суретін сал.
3. Денесін қасық пен шанышқының сабына желімде.
4. Бетперденің резеңкелерін кесіп алып, аспаздың қалпақшасы түрінде дененің жоғарғы жағына жабыстыр.
5. Ермексаздан үлкен ожау жаса. Ожау үлкендеу болуы керек. Ол – аспазшы мамандығының символы.
6. Инсталляцияны құра. Қалың қағазға аспаздың фигурасын қой. Композиция жасау үшін ожауды қайда және қалай орналастыру керектігін ойластыр. |