-
Фетрден аяққап жаса.
1. Негіз болатын үлгі дайындау. Қағаз парағынан өлшемі 20х20 см шаршы қиып ал. Төменгі бұрыштарын жартылай доға жасап қи. 1-сурет
2. Үлгіні көк фетрге қойып, бірдей екі бөлік дайында. 2-сурет Қағаздан қой мүйізінің ою-өрнегін жаса.
3. Өлшемі 15х15 см болатын қағаз парағын қиғаштап үш рет бүктеп, ұзын жағына өрнек сал. Ою-өрнекті қиып ал. |
-
4.Ою үлгісін сары фетрге қойып, айналдыра сыз да, мұқият қиып ал.
5. Қиып алынған үлгіні көк негізге қойып, ыстық желіммен жабыстыр.
6. Сары фетрден шашақ болатын жартылай шеңбер қиып ал, ені 5 см болсын. Ішкі жағының шетінен 1 см қалдырып, сызық сыз. Жартылай шеңбердің сыртын сызыққа жетпей шашақ етіп тілімде.
7.Өрнек салынбаған негіздің шеттеріне шашақты қойып, желімде. Үстіне өрнегі бар негізді жабыстыр. Осылайша кішкентай қалта шығады.
8.Дайын бауды қалтаның шетіне қойып желімде. |