Киіз үйдің ішкі жабдығы

Сен:

  • киіз үйдің ішкі жабдығы туралы білесің;
  • аппликация техникасында құрақ көрпе жасайсың.

Тірек сөздер:

  • құрақ көрпе
  • оюлы көрпе

 

Суреттерді зерделе

Киіз үйдің іші қолөнер бұйымдарымен безендіріледі. Барлық заттар, ыдыс-аяқтар керегені бойлай орналастырылады. Киіз үйдің ортасына шаңырақтың астына ошақ қойылады.
Киіз үйде кереует (ағаш төсек), кебеже (азық-түлікке арналған қорап), сандық болады. Олар ою-өрнектермен безендіріледі.

Суреттерде бейнеленген заттарды ата.

Анықта

Қазақ көрпесімен таныс

Көрпе – қазақтың ұлттық төсеніші. Көрпенің екі түрі болады: құрақ көрпе (матадан құралған) және оюлы көрпе (ою-өрнек салынған). Құрақ көрпенің отбасы мүшелерін ажырамастай етіп біріктіретін сиқыры бар деп есептелген. Оның түсі өте маңызды, өйткені олар тіл-көзден сақтайтын бейне бір тұмар тәрізді. Қазақтар үйлерін жануарлар және өсімдік бейнелерімен безендіргісі келгендіктен оюлы көрпе пайда болған.

Оқу

Киіз үйдің еденіне сырмақтарды, текеметтерді, алашаларды (түксіз кілемдерді) төсеген. Қабырғаларға тұскиіздер ілген. Киіз үйдің ішін басқұрлармен, желбаулармен (өрнекті таспалар) безендірген. Керегенің басына қоржын, аяққап, кесеқап (ыдыс-аяқты сақтауға арналған) ілген.

Қазақ киіз үйінің безендірілуімен таныс

 

Орындап көр
-

Фетрден аппликация техникасында «жұлдыз» өрнекті құрақ көрпе жаса (1-сурет).
Жұмыс кезеңдері:
Түрлі түсті фетр, желім, қайшы, қалың қағаз дайындап қой.

-

Мата қиықтарының орналасуына назар аудар (2-сурет).
• Сары, қызыл және көк фетрден 8 үшбұрыш қиып ал.
• Көк фетрден 4 шаршы қиып ал.
• Қиып алған фигураларды сызбада көрсетілгендей негізге орналастыр. Шаршы тәріздес қиықтардың бұрыштарда орналасқанына назар аудар.
• Қиықтарды негізге жабыстыр.

Өз жұмысыңды бағала

Құрақ көрпені критерийлерге сәйкес бағала.
• Барлық қиықтар мұқият қиып алынған.
• Барлық қиықтар дұрыс желімделген.
• Өрнек анық көрінеді.

Өзіңді тексер

1. Киіз үйдің орталық элементі не?

2. Қандай зат азық-түлік қоймасы ретінде пайдаланылды?

3. Қазақ мәдениетінде көрпенің қандай түрлері бар?

4. Оюлы көрпені өрнекпен безендірген кезде адамдар неге сенген?

5.Оюлы көрпеге ою-өрнек салуда халық неге сенді?

Сенің нәтижең

0%