Киізден жасалған бұйымдар

Сен:

  • киіздің қалай жасалатынын білесің;
  • фетрден кәдесый жасайсың.

Тірек сөздер:

  • киіз
  • фетр

 

Ойлан

Суреттерді зерделеп, ондағы таңғажайып бұйымдардың қандай материалдардан жасалғанын анықта.

Киіз

Киіз дегеніміз не?

Киіз – қойдың жүнінен алынатын материал. Киіз жасау үшін алдымен жүнді жуады, кептіреді. Содан соң оны сабынды сумен басады.

Киізден жасалатын бұйымдармен таныс

Киізден текемет, сырмақ, тұскиіздер жасалады. Текемет – киіздің бетіне жүннен әртүрлі ою-өрнек басу арқылы жа-салған төсеніш. Сырмақ – бір түсті киізге басқа түсті киізден ою-өрнек қосып тігу арқылы жасалған төсеніш. Тұскиіз – түрлі түсті киізге өрнек салып жасалған қабырға кілемі.

 

Орындап көр
-

Өткен сабақта жасалған эскиз негізінде фетрден «Торсық» кәдесыйын жаса. Сары, көк және қоңыр түсті фетр, қайшы мен ыстық желім дайында.

1. Қоңыр фетрден торсық пішінін қиып ал.
2. Алынған торсықтың пішінін сары фетрге қойып, ыстық желіммен жабыстыр.
3. Көк фетрден ою-өрнек қиып ал.
4. Ою-өрнекті торсыққа желіммен жабыстыр.Фетрден жасалған «Торсық» кәдесыйы дайын болды.

Өз жұмысыңды бағала

-
Критерийлерге сәйкес бағала.

  • Торсық пен ою-өрнек ұқыпты қиып алынған.
  • Ою-өрнек торсықтың дәл ортасына желімделген.
  • Кәдесый әдемі көрінеді.

Оқы, қызық!

Фетр – мамықтан, жүннен немесе талшықтардан тығыздап,киіз сияқты басылатын жұқа материал. Сырттай ол матаға ұқсайды, алайда құрылымы жағынан көбіне киізге ұқсайды. Фетрді жұқа табақтап жасап, орап қояды.

 

Фетр қалай жасалады?

Өзіңді тексер

1.Төсеніштің қандай түрінде түрлі-түсті өрнек кездеседі?

2. Қазақтар кілемнің қандай түрлерін киізден жасаған?

3. Киізді басқаннан кейін онымен не істейді?

Сенің нәтижең

0%