Киімді күтіп ұстау ережелері

Сен:

  • киім мен аяқ киімді күтіп ұстау ережелерімен танысасың;
  • киімді күтіп ұстау жолдарын үйренесің.

Тірек сөздер:

  • күтіп ұстау ережелері.

 

Суреттерді зерделе

Бұл суреттерде балалар не істеп отыр? Олар мұны не үшін жасауда?

Білгенің жөн

Киім мен аяқ киімді күтіп ұстау олардың бастапқы қалпын ұзақ сақтауға мүмкіндік береді. Таза киім иесінің ұқыптылығын, өзін де, басқаларды да құрметтейтінін білдіреді. Аяқ киім мен киімді күтіп ұстау ережелерімен танысып шық.

• Аяқ киімді шаң мен кірден тазалау.

• Кептіріп, тиісті орнына қою.

• Киімді тазалау, жуу.

• Үтіктеу.

• Сөреге бүктеп салу немесе ілгіштерге ілу.

Сұраққа жауап бер

Неліктен киім мен аяқ киімді күтіп ұстау керек?

Анықта

Заттарды қалай дұрыс жуу және үтіктеу керек?

• Киімді жуар алдында матасына, түсіне және ластануына қарай сұрыптау керек.

• Түрлі түсті киімдер мен ақ киімдерді бөлек жуу қажет.

• Жумас бұрын киімнің қалталарын тексеру керек.

• Кептіру алдында жуылған киімнің ішін сыртына айналдырып, қыртыстарын кетіру үшін қағу қажет.

• Көйлектер мен жейделерді ілгіште кептіреді. Шалбарды жіпке бел тұсынан бірнеше қыстырғышпен бекітіп іледі.

• Киімді сәл дымқыл күйінде үтіктеген жақсы. • Қол орамалдары мен шұлықтарды күнделікті жуып отырған дұрыс.

Оқы, қызық!

Киімнің заттаңбаларында арнайы белгілер болады. Олар киімді дұрыс күтуге көмектеседі. Әр белгінің қандай да бір әрекетке қатысты мағынасы бар.

 

Киімді жуу, үтіктеу және кептіру кезінде келесі ережелерді ескеру қажет.

1. Жүннен жасалған бұйымдарды жылы сумен жуады ыстық суда олардың өлшемі кішірейеді), тегіс жерге жайып кептіреді. Ылғал мата арқылы үтіктейді.

2. Мақта киімдерді (тоқыма жейде, шалбар, жейде, көйлек тер) сәл дымқыл кезінде ыстық үтікпен үтіктейді

3. Джинса киімдерді суға салып қоюға болмайды.

4. Орамалдар мен шұлықтарды ыстық суда жуады.

Орындап көр

1.Бір киімге арнап заттаңба жаса. Ол үшін төмен-дегі ескертпелердің сәйкесін таңдап, заттаңбаға оны шартты белгілер арқылы көрсет.

  • «жууға және үтіктеуге болмайды»;
  • «қолмен жуу керек, үтіктеуге болмайды»;
  • «үтіктеуге және бумен өңдеуге болмайды».
  • Үйде үлкендердің бақылауымен жейдең мен тоқыма жейдеңді (футболка) үтіктеп үйрен. «Жейдені қалай үтіктеу керек?» видеожазбасын қара.
  • Үтіктелген тоқыма жейдені бүктеп үйрен
  • Тоқыма жейдені тегіс жерге жазып қой.
  • Иық бүктемесінен төменгі жиекке дейін ойша сызық жүргіз. Сол сызықтың бойымен жеңді ортасына қарай бүкте. Егер жеңі ұзын болса, бүйірлік бүктемеге қарай бүкте.
  • Алынған тіктөртбұрышты төменгі жиегінен бастап 1/3- ге бүкте. Содан кейін төменгі бүктемені мойын сызығымен туралап екіге бүкте.
  • Үтікпен жұмыс істеу кезінде сымының бүтіндігін тексер.
  • Ток көзіне қосқанда, суырғанда қолың құрғақ болсын. Үтіктіарнайы тұғырына қой.
  •  

    Әсеріңмен бөліс

    Тоқыма жейде мен жейдені үтіктеу кезінде қандай қиындықтар туындады? Жейдені бүктеу қиын ба? Бүктеудің тағы қандай тәсілдерін білесің?

    Өзіңді тексер

    1. Аяқ киімді қалай күтіп ұстау керек?

    Жауабыңды жаз.

    • Аяқ киімді ... керек.

    2.

    3.

    2. Киімді қалай күтіп ұстау керек?

    Жауабыңды жаз

    2.

    3.

    4.

    3. Заттарды қалай дұрыс жуу керек?

    Жауаптарды таңда

    4. Заттарды қалай дұрыс үтіктеу керек?

    Жауапты таңда

    5. Заттарды қалай дұрыс кептіру керек?

    Жауаптарды таңда

    6. Неліктен киімге заттаңбалар тігіледі?

    Жауаптарды таңда.

    Сенің нәтижең

    0%