Басқа ғаламшарға саяхат

Сен:

  • гофроквиллингтің не екенін білесің;
  • осы техникада ғарыш кемесін жасайсың.

Тірек сөздер:

  • гофроквиллинг

 

Білгенің жөн!

Ежелгі заманнан бері адамзатты басқа ғаламшарлар қызықтырған. Ғалымдар басқа ғаламшарларға жете алатын ғарыш аппараттарын ойлап табуды армандаған. Суреттерге қарап, олардың атауларын анықта.

Суреттерге қара

Гофроквиллинг – гофрлі қағаздан немесе гофрлі картоннан көлемді мүсіндер жасау әдісі. Гофроквиллингтің негізгі элементтері – шеңбер, конус, тамшы, көз, сопақ.
1. Шеңбер – қағаз жолағын гофрленген жағымен сыртқа қарай айналдырып орау. Ұшы желіммен бекітіледі (1-сурет).
2. Конус – орамды ортасын саусақпен сыртқа қарай жылжытып шығару арқылы конус тәрізді пішін алу (2-сурет).
3. Тамшы – орамның бір жағын қысу арқылы тамшы тәрізді пішін жасау (3-сурет).
4. Көз – орамды екі жағынан қысу (4-сурет).
5. Сопақ – жолақтың шетінен сәл шегініп, ұшын бүгіп, орау (5-сурет).

Оқы, қызық!

Илон Маск – SpaceX ғарыш компаниясын құрған америкалық кәсіпкер және өнертапқыш. 

Алғаш рет ғарышқа Crew Dragon атты басқарылатын жеке меншік кемені ұшыру туралы бейнежазбаны көр.

Орындап көр
-

Картон мен қағаздан зымыран макетін жасау реттілігін зертте. Жұмыс үшін қажетті гофрленген қағаз жолақтарын дайында.

Суреттерге қарап, гофроквиллинг техникасында ғарыш аппаратын жаса.

-

Ені 15 мм болатын түрлі түсті гофрленген картоннан жолақтар дайындап ал.

  • Зымыран корпусы үшін әрқайсысы 10-12 жолақтан тұратын екі орам жаса. Ұшын желіммен бекіт (1-сурет).
  • Орамдардан конус жаса. Ішіне желім жақ (2-сурет).
  • Зымыран корпусының орталық бөлігі үшін ені 4 см болатын екі картон жолағын қиып ал да, оларды бір-біріне желімде. Бөліктің диаметрі конустың диаметріне тең болсын (3-сурет).
  • Үш ақ және үш қызғылт сары жолақты орау арқылы турбина жаса. Әр орам 5 жолақтан тұрады (4-сурет).
  • Ақ орамдардан конустар жаса. Ішіне желім жақ (5-сурет).
  • Конустарды қызғылт сары орамдарға жабыстыр. Қосылған жерлерін қызғылт сары жолақпен жап (6-сурет).
  • Зымыран корпусын жина. Корпустың орталық бөлігі мен конустардың шеттеріне желім жағып, оларды біріктір. Ара-жігін ақ картон жолақтармен жап (7-сурет).
  • Корпусқа дайын турбиналар мен иллюминаторларды жабыстыр (8-сурет).

Өз жұмысыңды бағала

-
Жұмысты келесі критерийлер бойынша бағала:
• Орамдар тығыз жасалған.
• Бөлшектер бір-біріне берік бекітілген.
• Жіктері көрінбейді.

Өзіңді тексер

Қайсысы гофроквиллингтің негізгі элементтеріне жатпайды

Гофроквиллингтің негізгі элементтерінің суреттеріне қарап, олардың атауларын анықта

Гофроквиллингтің дұрыс анықтамасы қандай?

Сенің нәтижең

0%