-
Пластикалық бөтелкеден көңілді пингвин мүсінін жаса.
Қажет заттар: • 2 литрлік пластикалық бөтелке (2 дана);
• ыстық желім;
• бояу (акрил немесе гуашь);
• қылқалам;
• мата қалдықтары.
1. Бір бөтелкені алып, оны ортасынан сәл жоғары кес. Екінші бөтелкені түбінен сәл жоғары кес (1-сурет). Бөтелкені кесуге ата-анаңнан немесе ересектерден көмек сұрауыңа болады. 2. Төменгі екі бөлікті бір-біріне ыстық желіммен жабыстыр. Бөтелкенің қысқа бөлігі пингвиннің басы болады (2-сурет). |