Пластик –табиғатқа төнген қауіп Сен: пластиктің табиғатқа зиянын түсінесің; биологиялық ыдырайтын материалдар туралы білесің Тірек сөздер: пластик биологиялық ыдырайтын материал Суреттерді зерделе Суреттерде қандай көріністер бейнеленген? Бұл жағдайлардың орын алуының себебі неде? Табиғатты қалай қорғауға болады? Барлық суреттерде пластиктен жасалған заттар бейнеленген. Олар табиғатқа өте үлкен зиян келтіреді, өйткені олар ыдырамайды. Пластик жылдар бойы жерде жатып, суда қалқып жүре береді. Жүздеген жылдар бойы шірімей, топырақты, суды, ауаны бүлдіреді, қоршаған ортаны ластайды. Целлофан мен пластиктен жасалған өнімдер жануарларға үлкен қауіп төндіреді. Video Playerhttps://e-oqulyq.nis.edu.kz/wp-content/uploads/2024/06/22-urok-plastikterdini-kiorshagean-ortagea-aeseri.mp4Media error: Format(s) not supported or source(s) not foundDownload File: https://e-oqulyq.nis.edu.kz/wp-content/uploads/2024/06/22-urok-plastikterdini-kiorshagean-ortagea-aeseri.mp4?_=200:0000:0000:00Use Up/Down Arrow keys to increase or decrease volume. Сұрақтарға жауап бер Пластик қандай қауіп төндіреді? Пластик ыдырамайды және жылдар бойы қоқыс болып жатады. Олар жануарларға қауіп төндіреді (мысалы, олар пластикті жеп қоюы мүмкін). Топырақта тез ыдырайды. Пластик мұхитқа түспейді, негізінен топырақты ластайды. Планетамыздың жануарлар әлемі неден зардап шегеді? Мұхиттың пластикпен ластануынан Табиғи апаттардан Жыртқыштардың кесірінен Жануарлар пластик қоқысты жеп қана қоймай, оған шырмалып та қалады Оқы, қызық! Ғалымдар пластикті немен ауыстырсақ деп көп ойланып, жауабын тапты. Олар қоршаған ортаның әсерінен толығымен жойылатын биологиялық ыдырайтын материалдарды ойлап шығарды. Оларға биологиялық ыдырайтын пакеттер, әртүрлі орамалар жатады. Анықта Қоршаған ортаны қорғауға сен қандай үлес қоса аласың? Пластикті немен алмастыра аласың? Ол ауыстыра ма? Ол ауыстыра ма? Ол ауыстыра ма? Ол ауыстыра ма? Ол ауыстыра ма? Ол ауыстыра ма? Орындап көр - Биологиялық ыдырайтын материалдан (фетрден) калла гүлін жаса. Ақ, сары және жасыл түсті фетр, ыстық желім тапаншасын, жұқа сым дайындап қой. 1. Ақ фетрден гүлдің үлкен ақ күлтесін (1-сурет), жасыл фетрден жапырағын (2-сурет) және сары фетрден гүланалығын (3-сурет) қиып ал. - 2. Сары фетрден жасалған гүланалықты сымның ұшына желімде. Гүланалығы бар сабақ дайын болды (4-сурет). 3. Шыққан сабақты үлкен күлтенің түбіне жабыстыр (5, 6-суреттер). - 4. Күлтеге гүл пішінін беріп, сабаққа орап, желімде (7, 8, 9-суреттер). - 5. Гүлдің түбіне жасыл жапырақты орап, суреттегідей желімде (10, 11, 12-суреттер). Сабақтағы қауіпсіздік ережелері Қайшымен және ыстық желім тапаншасымен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік ережелерін сақта. Ыстық желім таяқшасының ұшына қолыңды тигізіп алма. Жұмысты аяқтаған соң оны тұғырға қойып, электр желісінен ажырат. Өз жұмысыңды бағала - Гүлді критерийлер бойынша бағала. 1. Барлық бөлшектер мұқият қиып алынған. 2. Күлте, гүланалық және жапырақ ұқыпты әрі берік желімделген. 3. Гүл нәзік әрі үлбірек болып шыққан. Өзіңді тексер Целлофан мен пластиктен жасалған бұйымдар жануарларға қандай қауіп төндіреді? Олар жануарларға тамақ табуға көмектеседі. Олар жануарларға қауіп төндіруі мүмкін. Жануарлар олармен ойнағанды ұнатады. Жануарлар олардан үй салады. Ғалымдар пластикті ауыстыру үшін не ойлап тапты? Тас пакеттер. Металл қаптамалар. Биологиялық ыдырайтын материалдар. Шыны бөтелкелер. Қоршаған ортаның әсерінен биологиялық ыдырайтын материалдар қандай өзгеріске түседі? Олар қаттырақ болады. Олар толығымен ыдырайды. Олар түсін өзгертеді. Олар пластикке айналады. Ыстық желім тапаншасымен жұмыс істеу кезінде қандай қауіпсіздік ережелерін сақтау керек? Тапаншаны су астында ұстау. Тапаншаны тұғырға қойып, электр желісінен ажырату. Тапаншаны тек күндізгі уақытта қолдану. Ешқашан электр желісінен ажыратпау. Сенің нәтижең 0% Перезапустить викторину