Таңғажайып мүсіндер

Сен:

  • треш-арт туралы білесің;
  • қалдық материалдан мүсін жасайсың

Тірек сөздер:

  • треш-арт

 

Суреттерді зерделе

Суреттерден әртүрлі қалдық материалдардан жасалған таңғажайып мүсіндерді көріп тұрсың. Олар суретшінің шығармашылығымен таныстырып, қарапайым заттардың өнер туындысының бөлшегіне қалай айналатынын көрсетеді.

Суреттегі мүсіндер қандай материалдардан жасалғанын анықта.

Білгенің жөн

Треш-арт дегеніміз – қоқыстан түрлі нысандар жасау өнері. Суретшілер қоқыстан мүсіндер жасау арқылы қалдық материалдарды пайдалануға деген көзқарастарын білдіреді. Треш-арт тек өнер ғана емес, сонымен қатар экологияға байланысты мәлімдеме. Ол қоқыстың шабыт көзі бола алатынын көрсетеді.

Қоқыстан жасалған мүсін

Оқы, қызық!

Канадалық суретші Бенджамин Фон Вонгтың «Алып пластикалық кран» мүсіні Оттава қаласында (Канада) орнатылған, бұл қалада БҰҰ-ның пластикпен ластануға қатысты жаһандық саммиті өткен болатын.

Қалдық материалдардан мүсіндер жасау тәсілдерімен таныс

Қалдық материалдардан мүсіндер жасау үшін қиял мен шығармашылық қажет.

Қалдық материалдардан шығармашылық туындылар жасау үшін қолдануға болатын кейбір әдістермен таныс:

1. Желім арқылы  бөтелке, қақпақ, ескі металл бөлшектер және т.б. сияқты әртүрлі заттарды біріктіретін әдіс.

2. Мүсін қанқасын жасау үшін сым немесе жіп қолданылады. Солдан кейін қалдық материалдарды бекітеді

3 Металл бөлшектерін біріктіру үшін жылыту және балқыту әдістері қолданылады.

Орындап көр
-

Пластикалық бөтелкеден көңілді пингвин мүсінін жаса.

Қажет заттар: • 2 литрлік пластикалық бөтелке (2 дана);

• ыстық желім;

• бояу (акрил немесе гуашь);

• қылқалам;

• мата қалдықтары.

1. Бір бөтелкені алып, оны ортасынан сәл жоғары кес. Екінші бөтелкені түбінен сәл жоғары кес (1-сурет). Бөтелкені кесуге ата-анаңнан немесе ересектерден көмек сұрауыңа болады. 2. Төменгі екі бөлікті бір-біріне ыстық желіммен жабыстыр. Бөтелкенің қысқа бөлігі пингвиннің басы болады (2-сурет).

-

4. Пингвиннің басын ашық түсті бояумен боя. Тоқылған бас киімі бардай көрсету үшін нүктелер немесе қысқа сызықтар сыз. Пингвиннің көзін және танауын сал (4-сурет).

5. Пингвин мүсінін тоқыма материалдармен безендір. Иірілген жіптен шашақ жасап, бас киімінің төбесіне жабыстыр (5-сурет).

 

Сабақтағы қауіпсіздік ережелері

Қайшымен және ыстық желім тапаншасымен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік ережелерін сақта. Ыстық желім таяқшасының ұшына қолыңды тигізіп алма. Жұмысты аяқтаған соң оны тұғырға қойып, электр желісінен ажырат.

Өз жұмысыңды бағала

-
Пингвин мүсінін критерийлер бойынша бағала.
1. Мүсіннің бөліктері ұқыпты желімделген.
2. Бояуы біркелкі жағылған.
3. Пингвин ерекше сүйкімді болып шыққан.

Өзіңді тексер

Треш-арт суретшілерінің мақсаты қандай?

«Алып пластикалық кран» мүсінін кім жасады?

Металл бөлшектерін байланыстыру үшін қандай әдіс қолданылады?

Пластикалық бөтелкелер мен қақпақтар сияқты заттарды біріктіру үшін қандай әдіс қолданылады?

Сенің нәтижең

0%