-
Өткен сабақта жасалған эскиз негізінде фетрден «Торсық» кәдесыйын жаса. Сары, көк және қоңыр түсті фетр, қайшы мен ыстық желім дайында.
1. Қоңыр фетрден торсық пішінін қиып ал.
2. Алынған торсықтың пішінін сары фетрге қойып, ыстық желіммен жабыстыр.
3. Көк фетрден ою-өрнек қиып ал.
4. Ою-өрнекті торсыққа желіммен жабыстыр.Фетрден жасалған «Торсық» кәдесыйы дайын болды.
|