Ұлттық қолөнер

Сен:

  • қолөнердің не екенін білесің;
  • қазақтың ұлттық ыдысының эскизін жасайсың.

Тірек сөздер:

  • қолөнер
  • торсық

 

Қазақтың ұлттық қолөнерінің түрлерімен таныс

Қазақтың ұлттық қолөнерінің тарихы ертеден басталады. Ежелгі заманнан бері киіз басу, тері өңдеу, сүйек өңдеу, ағаш өңдеу, ұсталық, зергерлік, ат әбзелдерін жасау өнерлері кең дамыған. Киім тігу, кесте тігу, кілем тоқу және етікшілік те ерекше орын алған.

Суреттерге қара. Қандай қолөнер түрлері бейнеленген?

Анықта

Сүт, шұбат, қымыз сақтау үшін қазақтар теріден жасалған ыдысты пайдаланған. Ол торсық деп аталады.
Торсықтың үш түрі болады.
Сипаттамасы мен суреті бойынша торсық пішінін анықта.

Суреттерді зерделе

Бұл бұйымдар қандай материалдардан жасалған?

Орындап көр
-

Түрлі түсті торсық эскизін жаса. А4 пішінді қағаз, қарындаш, өшіргіш, фломастерлер дайындап қой.

1. Қағазды тігінен қой. Оған көлденең үлкен тіктөртбұрыш сыз. Оның ортасына суреттегідей тігінен кішірек тіктөртбұрыш сыз.

Рис 1.

-

2. Алынған суретті торсықтың пішініне келтір. Үлкен тіктөртбұрыштың екі бүйірін жоғары қарай созып, сүйірлеп, мүйізге ұқсас пішін жаса.

Ауыз жағына қақпағын сал.

Рис 2.

-

3. Торсықтың бетіне ою-өрнек сал.

4. Қалаған түсіңмен алдымен өрнекті боя.

5. Енді өрнекке үйлесімді түс таңдап, торсықты толық бояп шық.

Рис 3. Рис 4.

Рис 5.

Өз жұмысыңды бағала

-
• Торсықтың пішіні дұрыс жасалған.
• Ою-өрнектер дәл ортасында орналасқан.
• Торсықтың пішіні нағыз торсыққа ұқсайды.

Қызықты деректер

Қолөнер – шебердің қабілетіне қарай бұйымдарды қолмен жасау өнері. Қолөнермен айналысатын шеберлер қолөнерші деп аталады. Қолөнершілер сатуға немесе тапсырыс бойынша ағаштан, теріден, асыл тастан, жүннен, матадан бұйымдар жасайды. Әр халықтың өз ұлттық қолөнері бар.

Өзіңді тексер

1. Қолөнер деген не?

2. Қолөнершілер бұйымдарды қандай материалдардан жасай алады?

3. Қолөнершілер өз өнімдерін қайда сата алады?

Сенің нәтижең

0%