Болашақтың көлігі

Сен:

  • болашақта болатын көліктің ерекшеліктерін анықтайсың;
  • зымыранның макетін жасайсың.

Тірек сөздер:

  • макет

 

Суреттерді зерделе

Суреттерде болашақтың көліктері бейнеленген. Болашақтың көліктері неліктен жұмыр пішінді болады? Ойыңмен бөліс.

 

Суреттерді зерделе

Суреттерде болашақтың және қазіргі ғарыш кемелері бейнеленген. Солардың арасынан болашақтың кемелерін анықта.

Оқы, қызық!

Байқоңыр – әлемдегі алғашқы және жұмыс істеп тұрған ең ірі ғарыш айлағы. Ол Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан. Адам ғарышқа алғаш рет осы жерден ұшқан. Осы жерден ғарышқа қазақстандық ғарышкерлер Тоқтар Әубәкіров, Талғат Мұсабаев, Айдын Айымбетов та ұшты. Байқоңырды әлемдік ғарышкерліктің бесігі деп атайды.

Суреттерді зерделе

Ұшу аппараттарын жасау үшін қандай материалдарды пайдалануға болады?

Орындап көр
-

Макет – нысанның кішірейтілген нұсқасы. Желім, қайшы, түрлі түсті қалың қағаз дайындап алып, жұмысқа кіріс.

«Қағаздан зымыранды қалай жасауға болады?» бейнежабасын қара.

Суреттерге қарап, Пластикалық бөтелкеден зымыранның макетін жаса. Желім, қайшы, түрлі түсті қалың қағаз дайындап алып, жұмысқа кіріс.

• Қызғылт картонды конус етіп ора, ұштарын желімде. Түбі пластикалық бөтелкенің өлшеміне сәйкес болсын (1, 2-суреттер).

• Дайын конусты бөтелкенің жоғарғы жағына орнат (3-сурет).

• Бөтелкені жасыл қағазбен орап, желімде (4-сурет).

• Үш бірдей қанат бөлшектерін дайында (5-сурет).

• Қанаттарды корпусына жабыстыр (6-сурет).

• Қызғылт қағаздан үш иллюминатор жасап, корпусқа желімде (7-сурет).

 

 

Сабақтағы қауіпсіздік ережелері

Қайшымен абайлап жұмыс жаса. Оны сермеме. Біреуге бергенде қайшыны жауып, сабы жағымен ұсын.

Өз жұмысыңды бағала

-
Критерийлерге сәйкес бағала.
1. Бөлшектер жақсы бекітілген.
2. Зымыран орнықты, құламайды.
3. Жұмыс ұқыпты орындалған.

Өзіңді тексер

Болашақтың көлік құралдарының бізді қоршаған қазіргі көлік құралдарынан айырмашылығы неде?

Неліктен Байқоңырды әлемдік ғарышкерліктің бесігі деп атайды?

Макет сөзінің қай анықтамасы дұрыс?

Сенің нәтижең

0%