Қалдық материал. Қайта өңделген бұйымдар

Сен:

  • қайта өңдеу (рециклинг) дегеннің не екенін білесің;
  • қайта өңделген бұйым жасайсың.

Тірек сөздер:

  • қайта өңдеу (рециклинг)

 

Суреттерді зерделе

Суреттерде ескі нәрселерден немесе заттардан жасалған бұйымдар көрсетілген. Олар бастапқыда қандай қызмет атқарғанын анықта.

Білгенің жөн

Кейбір заттардан немесе өнімдерден осындай белгіні бұрын көріп пе едің ?

Бұл «рециклинг» немесе «қайта өңдеу» белгісі, яғни қайта өңделген зат екенін көрсететін халықаралық белгі. Бұл тауар қайта өңделетінін немесе қайта өңделген материалдан жасалғанын көрсетеді. Көбінесе бұл белгі пластикке, қағазға, металға және матаға қойылады.

Мата Металл
Пластик Қағаз

 

Қоқысты қайта өңдеу туралы қызықты деректер

Оқы, қызық!

Шведтік IKEA компаниясы өз өндірісінде қайта өңделген ағаш пен пластикті пайдаланады. Ал америкалық Patagonia компаниясы киімдерінің шамамен 70% қайта өңделген материалдардан, оның ішінде пластик бөтелкелерден тігеді.

Анықта

Бұл өнімдерді жасау үшін қандай материалдар қолданылды? Олар қалай жасалған?

Орындап көр
-

Пластикалық сусабын бөтелкелерінен жеке гигиена заттары үшін тұғыр жаса.
Босаған сусабын бөтелкелерін (3 дана), ыстық желім, скотч пен қайшы дайында.
1. Бөтелкелерді жақсылап жуып, кептір (1-сурет).
2. Бөтелкелерді әртүрлі биіктікте өлшеп, белгіле. Содан соң белгілеген сызықтар бойынша кес (2-сурет).

-

3. Бөтелкенің түсіне сәйкес келетін жіңішкелеу келген әдемі таспа таңдап ал (3-сурет).
4. Таспаны бөтелкенің кесілген жиектеріне жабыстыр. Ол үшін бөтелкенің жиектеріне желім жақ. Таспаны орап, желіммен бекіт. Артығын кесіп таста (4-сурет).
5. Қалған таспаны бантик жасау үшін үш бөлікке кес. Әр бөліктен осындай бантик дайында (5-сурет).

-

6. Бантиктерді суреттегідей бөтелкелерге жабыстыр (6-сурет).
7. Безендірілген бөтелкелерді бір-біріне желіммен жабыстыр (7-сурет).

 

 

Сабақтағы қауіпсіздік ережелері

Қайшымен және ыстық желіммен жұмыс істеуде қауіпсіздік ережелерін сақта. Желімдеу тапаншасымен жұмыс істегенде абай бол.

Өз жұмысыңды бағала

-
Бұйымды келесі критерийлер бойынша бағала.
1. Бөтелкелер біркелкі кесілген және биіктігі әртүрлі.
2. Таспалар мұқият жабыстырылған.
3. Бантиктер әдемі шыққан.

Өзіңді тексер

 

 

Бұл қандай белгі?

«Рециклинг» белгісі нені білдіреді?

Қайта өңделген ағаш пен пластикті қай швед компаниясы пайдаланады?

Сенің нәтижең

0%