Дастарқан даярлау

Cен:

  • дастарқан басындағы әдеп ережесі туралы білесің;
  • дастарқан даярлауды, безендіруді үйренесің

Тірек сөздер:

  • дастарқан даярлау;
  • әдеп ережелері.

 

Білгенің жөн

Дастарқан даярлау – бұл ас құралдарын орналастырып, дастарқан жаю үдерісі. Дастарқан даярлаудың мақсаты – дастарқанға барлық қажетті заттарды орналастырып, ретке келтіру.

Дастарқан даярлау ережелері

1. Алғашқы тағамға қажет құралдар тәрелкеге жақынырақ қойылады. Әрі қарай ұсынылатын тағамдардың ыңғайына сәйкес реттеледі.

2. Тәрелкенің сол жағына шанышқы, оң жағына пышақ пен қасық қойылады.

3. Сусын ішетін бокалдар тәрелкенің оң жағына қойылады.

4. Үстелде суға арналған стақан міндетті түрде болуы керек.

5. Безендіруге арналған тәрелке басқа тәрелкелердің астына қойылады.

6. Майлықтар дастарқанға немесе ыдыс-аяққа сәйкес таңдалады.

 

 

 

 

Ас құралдары

 

 

 

 

Безендіруге арналған тәрелке

Майлықтан әдемі раушан гүлін жасап

1. Майлықты қиғашынан бүкте.

2. Ұзын жағын тік бұрышына қарай дөңгелете ора. Бұрышты бос қалдыр.

3. Оралған бөлікті бір шетінен орап шиыршыққа жина.

4. Ұшын шиыршықтың төменгі жағына жасыр.

5. Бос бұрышты екі жаққа қайырып жаз.

6. Бұрыштарын қайырғанда суреттегідей бұйым шығуы қажет.

7. Бұйымды кері айналдыр. Суреттегідей раушан гүлі дайын.

-
-

1 2 3 4
5 6 7

1. Майлықты қиғашынан бүкте.

2. Ұзын жағын тік бұрышына қарай дөңгелете ора. Бұрышты бос қалдыр.

3. Оралған бөлікті бір шетінен орап шиыршыққа жина.

4. Ұшын шиыршықтың төменгі жағына жасыр.

5. Бос бұрышты екі жаққа қайырып жаз.

6. Бұрыштарын қайырғанда суреттегідей бұйым шығуы қажет.

7. Бұйымды кері айналдыр. Суреттегідей раушан гүлі дайын.

Өзіңді тексер

1. Дастарқан даярлау дегеніміз не?
Жауапты таңда.

2. Неліктен дастарқанды безендіреді?
Жауапты таңда

3. Дастарқан басында адам өзін қалай ұстауы керек?
Бірнеше жауапты таңда

Сенің нәтижең

0%