Туған өлке құстары

Сен:

  • квиллинг техникасы туралы білесің;
  • квиллинг техникасында құс бейнесін жасайсың.

Тірек сөздер:

  • квиллинг.

 

Ойлан да, сұрақтарға жауап бер

Сен тұратын өңірде қандай құстар тіршілік етеді? Бұл құстар жайлы не білесің?

 

 

«Қазақстанның ең әдемі құстары» бейнежазбасын қара.

Бейнежазбада қандай құстар туралы айтылды? Бірнеше жауапты таңда.

Суреттерді зерделе

Бұл қағаздан жасалған құстардың суреттері. Құстардың бейнесін жасауға қағаздың қандай қасиеттері көмектесті?

 

Квиллинг техникасымен таныс

Квиллинг – жіңішке қағаз жолақтарын шиыршықтап орау арқылы түрлі композициялар жасау әдісі.

«Жаңадан бастаушыларға арналған квиллинг» бейнежазбасын қара.

Орындап көр

-

Квиллинг техникасында көлемді құс бейнесін жаса. Ол үшін квиллингке арналған қағаз немесе түрлі түсті жіңішке қағаз жолақтарын, қалам өзегін, желімді дайындап алып, жұмысқа кіріс.

1. Қалам өзегін пайдаланып, шиыршықтар жаса. Біреуі кішірек және бостау, екеуі орташа және тығыз, тағы екеуі үлкен және бостау болуы керек (1-сурет).

2. Үлкен шиыршықтан құстың денесін жасайды, ол үшін оны бір сызық бойымен екі жерден қысады (2-сурет).

3. Құстың басын (кішкентай бос шиыршық) денесіне жабыстыр (3-сурет).

-

4. Екі орташа шиыршықты созып, тамшы пішініне келтіру арқылы құстың қанаттарын жаса (4-сурет).

5. Екінші үлкен шиыршықтың бір жа шетін саусақтарыңмен қысып, үшкірлейміз. Қарама-қарсы жағын суретте көрсетілгендей саусағыңмен ішіне қарай кіргіз (5-сурет).

-

6. Сенде үшбұрышты құйрық шығуы керек (6-сурет).

7. Енді бір қанатын алып, денесіне жабыстыр. Қанаттың үшкір жағы денесінен жоғары болуы керек (7-сурет).

8. Екінші қанатын да дәл солай жабыстыр. Екі қанат бір деңгейде болуын ескер (8, 9-суреттер).

9. Қысқа жолақты ортасынан бүктеп, құстың тұмсығын жасап, басына желімде (10-сурет).

10. Құс дайын (11-сурет).

 

 

 

 

Өз жұмысыңды бағала

  1. Шиыршықтың ішкі қабаттары жинақылығын сақтаған.
  2. Құстың барлық бөліктері мықты әрі дұрыс бекітілген.
  3. Құс бейнесі орнықты тұрады.

Өзіңді тексер

1. Қазақстанда қандай құстар мекендейді?

2. Квиллингте не қолданылады?

3. Қай құс ең көп сөйлейтін құс болып саналады?

Сенің нәтижең

0%