-
Табиғи материалдан композиция жасау реттілігін зертте. Жазғы маусымда қолөнерге қажетті гүлдерді жинау өте жеңіл. Кез келген өсімдіктер мен гүлдерді жылдың кез келген уақытында алдын ала жинап, кептіріп алған жағдайда жұмыста пайдалануға болады.
Жұмыстың реттілігі көрсетілген суреттерге қарап, табиғи материалдан композиция жаса. Екі нұсқа ұсынылған. Солардың біреуін таңда.
1-нұсқа. «Сүйкімді достар»
• Әртүрлі гүлдер, өсімдік сабақтары, қарындаш, дөңгелек шаблон дайында (1-сурет).
• Шаблонды пайдаланып, қағаз парағына дөңгелектер сыз (2-сурет).
• Қанша досың болса, дөңгелек саны сонша болсын (3-сурет).
• Дөңгелектерге адамның көздерін, мұрнын, құлақтарын бейнеле (4-сурет).
• Әр бейнені гүлдермен қалай безендіретініңді ойластыр (5-сурет).
• Композицияны аяқта (6-сурет).
|
2-нұсқа. «Гүлді көбелек»
• Құрғақ бұтақтар, гүлдер, қайшы, картон парағы мен желім дайындап қой (7-сурет).
• Бұтақтарды ұсақ бөліктерге бөл. Картонға көбелекті бейнелеп, суреттегідей сызық бойымен таяқшаларды жабыстыр. Көбелектің денесі мен мұртын таяқшалармен көрсет (8-сурет).
• Қанаттарына өрнектер сал (9-сурет).
• Өрнектерді қанық түспен ерекшелеп, қалған жерін гүл күлтелерімен безендір (10-сурет).
|