-
Табиғи материалдан ерекше аспалы композиция жаса. Ол үшін құрғақ ағаш бұтақтарын, ыстық желім тапаншасын және қалың жіп дайында.
1. Ересектерден 12 таяқша кесіп беруді сұра (1-сурет).
2. Таяқшалардан шаршы жасап, оларды желімде (2-сурет).
3. Шаршының бұрыштарына пирамида пайда болатындай етіп таяқшаларды жабыстыр. Ұштарын желімде (3-сурет).
4. Шаршының екінші жағына да дәл осылай пирамида пайда болатындай етіп таяқшаларды жабыстыр. Таяқшалардың ұштарын желіммен біріктір (4-сурет).
5. Төбесіне жіп байла. Аспалы конструкция дайын (5-сурет).
6. Конструкцияны қалаған түстеріңе бояуыңа болады (6-сурет).
7. Конструкцияға алманы салып, ағашқа іліп қой. |