Пейзаж

Сен:

  • дәстүрлі емес материалдарды пайдаланып, пейзаж аппликациясын жасайсың.

Тірек сөздер:

  • пейзаж;
  • аппликация.

 

Білгенің жөн

Пейзаж – бейнелеу өнерінің жанры, ондағы басты бейнелеу нысаны – табиғат. Кейде пейзажда адамдар, жануарлар, ғимараттар мен құрылыстар да бейнеленеді.

«Қазақстан пейзажы» бейнежазбасын қара.

Дұрыс жауабын тап

Пейзаж – бейнелеу өнерінің _________. Пейзаждың негізгі нысаны табиғат.

Анықта

Суреттерде ауылдың, қаланың және табиғаттың пейзаждары бейнеленген. Пейзаж түрлерін тап.

Анықта

Пейзаждың ерекшеліктерін қандай материалдар мен әдістер арқылы көрсетілген?

 

Анықта

Пейзаждың ерекшеліктерін қандай материалдар мен әдістер арқылы көрсетілген?

 

Анықта

Пейзаждың ерекшеліктерін қандай материалдар мен әдістер арқылы көрсетілген?

 

Анықта

Пейзаждың ерекшеліктерін қандай материалдар мен әдістер арқылы көрсетілген?

 

Аппликация техникасымен таныс

Аппликация – біртекті материалдардан қиып алынған пішіндерді негізге желімдеу арқылы бейнелеу.

 

 

Сұрақтарға жауап бер

1. Аппликация қандай материалдардан жасалады?

2. Аппликацияның қандай түрлері болады?

ОРЫНДАП КӨР

-

Аппликация техникасымен таныс

Аппликация – біртекті материалдардан қиып алынған пішіндерді негізге желімдеу арқылы бейне жасау техникасы.

Дәстүрлі емес материалдардан «Күзгі пейзаж» тақырыбына аппликация жаса. Оған дәндер (қарақұмық, тары, күріш), түрлі түсті қағаз, қарындаш, маркер, желім қажет.

  • Көк және жасыл қағаздан негіз дайында (1-сурет).
  • Ақ қағазды қарындашқа орап, түтікшелер жаса, оған маркермен қайың діңдерін бейнелейтіндей қара сызықтар сыз (2-сурет).
  • Негіздің ортасын ашық қалдырып, екі жағына қайың діңдерін желімде. Түрлі түсті қағаздан күзгі жапырақтар қиып алып, қайыңның маңайына жапсыр (3-сурет).
  • Қағазға 1 үлкен, 1 кішірек саңырауқұлақ салып, қиып ал да, ағаштардың арасына желімде (4-сурет).

-

  • Үлкен саңырауқұлақтың қалпағы-на желім жақ. Жоғарғы жағына қарақұ-мық, төменгі жағына тары дәндерін жабыс тыр (5-сурет).
  • Денесіне (түбіртегіне) күріш дәндерін жапсыр (6-сурет).
  • Кіші саңырауқұлақтың қалпағына ашық қоңыр түстіқарақұмық жапсыр (7-сурет).
  • Денесіне ұсақ күріш жапсыр (8-сурет).

-

  • Саңырауқұлақтардың үстіне қағаз қойып, алақаныңменжайлап бас.
  • Дәндер желімге жабысып, кепкен соң артығын қағып түсір (9-сурет).
  • «Күзгі пейзаж» дайын (10-сурет).

 

Сабақтағы қауіпсіздік ережелері

Өткір және кескіш құралдармен жұмыс істеуде қауіпсіздік ережелерін сақта.

Өзіңді тексер

1. Пейзажда не бейнеленеді?

2. Пейзаждың қандай түрлері болады?

Сенің нәтижең

0%