Глоссарий

Аңыз – қандай да бір тарихи оқиға немесе тұлға туралы баян.

Аксессуар – киімді сәндеу және сыртқы келбетті немесе стильді то- лықтыру үшін қолданылатын қосымша заттар. Аксессуар адамның бет-бейнесіне көрік беріп, болмысын ашуға көмектеседі.

Аппликация – 1) біртекті материалдардан қиып алынған пішіндерді негізге желімдеу арқылы сурет салу техникасы;

2) осы техникамен жасалған сурет, бұйым.

Аспалы композиция – кез келген кеңістікті безендіруге арналған төбеге немесе қабырғаға ілінетін декордың бір түрі.

Афиша – жақында болатын концерт, спектакль, фильм және т.б. шаралар туралы үлкен әріптермен жазылған хабарландыру, плакат.

Аяққап – ыдыс-аяқты сақтауға арналған бұйым.

Әдеп ережелері – не істеуге болатынын және не істеуге болмайтынын тұжырымдайтын нормалар мен талаптар. Әдеп ережелері – қоршаған ортамен өзара әрекеттесудің белгілі бір қалыптасқан тәсілі.

Бедер – жазықтықтағы дөңес, бұдырлы кескін.

Биологиялық ыдырайтын материал – қоршаған ортаның әсерінен толығымен жойылатын материалдар (ғалымдар пластиктің орнына қолдану үшін ойлап тапқан).

БҰҰ – Біріккен Ұлттар Ұйымы – мемлекеттер арасындағы бейбітшілік пен ынтымақтастықты қолдау және нығайту үшін құрылған халықа- ралық ұйым.

Гофроквиллинг – гофрленген қағаз жолақтарынан көлемді қағаз мүсіндерін жасау техникасы.

Ғажайып жануар – мифтерде, аңыздарда, ертегілерде, ғылыми фантастикада кездесетін сиқырлы жануарлар.

Ғажайып көлік – болашақта пайда болуы мүмкін ойдан шығарылған көлік.

 

Дастарқан даярлау – ас құралдарын орналастырып, дастарқан жаю үдерісі.

Инсталляция – бір көркемдік идеяны жеткізетін әртүрлі заттардың көлемдік-кеңістіктік композициясы.

Кәсіп – белгілі бір білім, дайындық және дағдыларды қажет ететін еңбек қызметінің түрі, мамандық.

Квиллинг – шиыршықтап оралған ұзын жіңішке қағаз жолақтарынан жалпақ немесе көлемді композициялар жасау өнері.

Кесеқап – көшіп-қону кезінде кеселерді тасымалдауға арналған бұйым, дорба.

Киімді күтіп ұстау ережелері – киімнің алғашқы қалпының ұзақ уақыт бойы сақталуын қамтамасыз ету және сыртқы қалпын сақтау үшін ескерілетін ережелер.

Киіну әдебі – киім киюдегі белгілі бір ережелерді сақтау.

Киіз – қой жүнінен жасалатын тығыз материал.

Қағаз – ағаш сүрегінен жасалатын, жазуға және басқа мақсаттарға жұмсалатын материал.

Қайта өңдеу (рециклинг) – жаңа өнімдерді, шикізатты, энергияны және материалдарды шығару үшін шикізат пен материалдарды қайта пайдалану.

Қалдық материалдар – қажетсіз, қолданыстан шығып, өңделіп, басқа мақсатта қайта пайдаланылатын заттар.

Қатырма қағаз (картон) – бір қабатты және көп қабатты болатын қалың қағаздың бір түрі.

Қауіпсіздік ережелері – қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге немесе қандай да бір жұмыстарды жүргізуге бағытталған ере- желер мен қағидалар жиынтығы.

Қолөнер – шебердің жеке шеберлігіне негізделген бұйымдарды қолмен жасау өнері.

Құрақ көрпе – түрлі мата қиықтарынан геометриялық өрнектер жасап құралған қазақтың ұлттық төсеніші.

Макет – модель, алдын ала үлгі немесе бір нәрсенің сынама үлгісі.

 

Макет жасау – макет жасау әдісі, үдерісі. Макет жасаудың мақса- ты – бір нәрсенің сыртқы пішінін көрнекі түрде және мүмкіндігінше дәл қайталау.

Марс кемесі – өздігінен қозғалатын арба түріндегі Марс (Қызыл жұлдыз) ғаламшарын зерттеуге арналған ғарыш аппараты.

Миф – ежелгі дүние, табиғат құбылыстары, батырлар туралы ежелгі халық аңызы.

Мобиль – 1) кез келген кеңістікті безендіре алатын өнер нысаны;

2) заттар ілінетін қиылысқан таяқшалар, аспалы композиция.

Мүсін өнері – 1) ою, мүсіндеу немесе құйып шығару арқылы көлемді көркем туындылар жасау өнері.

2) бейнелеу өнерінің көлемді нысандары: бюст, мүсін, рельеф.

Оригами – қайшысыз және желімсіз қағаздан мүсіншелерді бүктеп жасайтын жапондық өнер туындысы.

Ою – сызықтар мен нүктелердің үйлесімі арқылы жасалған сурет. Ою ерікті сызықтардан, түстерден, шимайлардан тұруы мүмкін, оюды ою-өрнекке айналдыру үшін оны симметриялы түрде бірнеше рет қайталау керек.

Ою-өрнек – қайталанатын немесе кезектесіп келетін элементтердің жиынтығы.

Оюлы көрпе – ою-өрнек салып тігілген қазақтың ұлттық бұйымы, қолөнер туындысы.

Пейзаж – бейнелеу өнерінің жанры. Кейде пейзажда адамдар, жануарлар, ғимараттар да бейнеленеді.

Пластик – беріктігі мен икемділігі жоғары жасанды материал. Пла- стик топырақта ұзақ жылдар бойы ыдырамайды.

Поп-ап – кесу және бүктеу арқылы қағаз парағынан көлемді мо- дельдер (мысалы, ашық хаттар) жасау техникасы.

Постер – белгілі бір идеяны жеткізетін көркем безендірілген плакат.

Пэчворк – қолөнер түрі, мозаика техникасын қолдана отырып, мата бөліктерінен (қиындылардан) бұйым тігу.

 

Робот – әртүрлі әрекеттерді жүзеге асыруға арналған автоматтан- дырылған құрылғы.

Саммит – мемлекет және үкімет басшыларының жиналысы, жоғары деңгейдегі кездесу және келіссөздер.

Сәулет өнері – әртүрлі ғимараттар мен құрылыстарды жобалау және салу өнері.

Тоқу – икемді материалдардан өру арқылы бұйымдар жасау тәсілі.

Треш-арт – қоқыстан өнер нысандарын жасайтын заманауи өнердегі жаңа бағыт.

Фетр – мамықтан, жүннен, теріден тығыздап басылып жасалған тоқыма емес материал.

Торсық – табиғи теріден жасалған, сусын құюға арналған қазақтың ұлттық ыдысы.

Ыдыс – сұйық заттарды құюға арналған ыдыс.