4-сыныпқа арналған «Еңбекке баулу» пәнінің
электрондық оқулығын пайдалану нұсқаулығы
1. Электрондық оқулықтың онлайн нұсқасымен жұмыс істеу үшін интернетке
қосылу қажет.
2. Кіріспе беттегі батырмаларды таңдау арқылы шартты белгілер, мазмұны,
глоссарий, әдебиеттер тізімі орналасқан беттерді ашуға болады.
3. Электрондық оқулықтың мазмұнындағы тақырыпты таңдау арқылы сабақ
ашылады.
4. Сондай-ақ, сабақтарға «Алдыңғы сабақ» және «Келесі сабақ» батырмаларын
арқылы таңдау арқылы өтуге болады.
5. Сабақта ақпарат пен тапсырмалар «Ойлан!», «Анықта», «Білгенің жөн» және
«Оқы, қызық» айдарларында берілген.
6. Әр сабаққа бірнеше тапсырма ұсынылған. Тапсырма жауабының дұрыс нұсқасы
жасыл түспен, ал қате нұсқасы қызыл түспен ерекшеленеді.
7. Өздігінен енгізетін тапсырманы орындағанда жауапты енгізгеннен кейін
«Тексеру» батырмасы басылады.
8. Барлық тапсырмалар орындалғаннан кейін «Нәтиже» деген батырманы
басқанда, дұрыс орындалған тапсырма саны көрсетіледі. «Қайта орындау»
батырмасы арқылы тапсырмаларды қайтадан орындауға болады.
9. Электронды оқулықтың офлайн нұсқасында «Нәтиже» функциясы
қарастырылмаған.