Ғажайыптар еліне саяхат

Сен:

  • композицияның не екенін білесің;
  • табиғи материалдан шығармашылық жұмыс орындайсың.

Тірек сөздер:

  • композиция

 

Сұрақтарға жауап бер

Суреттерге қарап, осы қолөнер бұйымдары қандай материалдан жасалғанын анықта.

Білгенің жөн

Табиғи материал – сарқылмас шабыт көзі, ол қиял-ғажайыптар мен ертегі әлеміне бойлауға көмектеседі. Табиғи материалдардан сан алуан бұйымдар, ерекше композициялар жасауға болады.

Анықта

Табиғи материалдардан жасалған шығармашылық жұмыстарды қарастыр. Қандай табиғи материалдар бұл жұмыстарды ерекше, қайталанбас ететінін анықта.

Композиция деген не?

Латын тілінен аударғанда «композиция» сөзі жинақтау, біріктіру дегенді білдіреді. Композиция – көркем шығармашылықтың негізгі категорияларының бірі, мұнда барлық элементтерден біртұтас дүние құрастырылады.

Орындап көр
-

Табиғи материалдан композиция жасау реттілігін зертте. Жазғы маусымда қолөнерге қажетті гүлдерді жинау өте жеңіл. Кез келген өсімдіктер мен гүлдерді жылдың кез келген уақытында алдын ала жинап, кептіріп алған жағдайда жұмыста пайдалануға болады.

Жұмыстың реттілігі көрсетілген суреттерге қарап, табиғи материалдан композиция жаса. Екі нұсқа ұсынылған. Солардың біреуін таңда.
1-нұсқа. «Сүйкімді достар»
• Әртүрлі гүлдер, өсімдік сабақтары, қарындаш, дөңгелек шаблон дайында (1-сурет).
• Шаблонды пайдаланып, қағаз парағына дөңгелектер сыз (2-сурет).
• Қанша досың болса, дөңгелек саны сонша болсын (3-сурет).
• Дөңгелектерге адамның көздерін, мұрнын, құлақтарын бейнеле (4-сурет).
• Әр бейнені гүлдермен қалай безендіретініңді ойластыр (5-сурет).
• Композицияны аяқта (6-сурет).

2-нұсқа. «Гүлді көбелек»
• Құрғақ бұтақтар, гүлдер, қайшы, картон парағы мен желім дайындап қой (7-сурет).
• Бұтақтарды ұсақ бөліктерге бөл. Картонға көбелекті бейнелеп, суреттегідей сызық бойымен таяқшаларды жабыстыр. Көбелектің денесі мен мұртын таяқшалармен көрсет (8-сурет).
• Қанаттарына өрнектер сал (9-сурет).
• Өрнектерді қанық түспен ерекшелеп, қалған жерін гүл күлтелерімен безендір (10-сурет).

 

Сыныптасыңның жұмысын бағала

-
Жұмысты келесі критерийлер бойынша бағала:
1. Композицияда әртүрлі гүлдер қолданылған.
2. Жұмыс ұқыпты орындалған.
3. Шығармашылық жұмыс жақсы көңіл-күй сыйлайды.

Өзіңді тексер

Көркем шығармашылықта композиция қандай рөл атқарады?

Аталған материалдардың қайсысы табиғи емес?

Латын тілінен аударғанда «композиция» сөзі нені білдіреді?

Сенің нәтижең

0%