Болашақтың қаласы

Сен:

  • поп-ап техникасымен танысасың;
  • поп-ап техникасында ғимарат жасайсың.

Тірек сөздер:

  • поп-ап

 

Суреттерді зерделе

Бұл ғимараттардың біздің күнделікті көріп жүрген ғимараттардан айырмашылығы неде?

Білгенің жөн

Болашақтың қаласында ғимараттар жинақы орналасып, барлық қажетті нысандар көз көрім жерде болып, экологиялық қауіпсіздігімен, тазалығымен және биікке тік өрлеуімен көзге түседі. Ғимараттар мен құрылыстардың пішіндері ерекше болуы мүмкін.

Болашақтың қалалары қалай салынады?

Идеяларды іске асыру үшін сараптамашылар, жобалаушылар, әзірлеушілер, сәулетшілер, дизайнерлер мен IT-мамандардан тұратын үлкен топтар тартылады. Алдымен эскиз жасалады, содан соң оған талдау жасалып, түзетулер енгізіледі, соның нәтижесінде макеттер жасалады.

Поп-ап техникасымен таныс

Поп-ап – бұл кесу және бүктеу арқылы қағаз беттерінен көлемді модельдер жасау әдісі. Модель жасау техникасында тек бір парақ қағаз қолданылады. Бір парақтан жасалған композицияны бояуға немесе басқа парақтан қиып алынған элементтермен толықтыруға болады.

 

Поп-ап техникасында қағаздан жасалған жұмыстар туралы бейнежазбаны қара.

Орындап көр
-

Поп-ап техникасында ғимарат жасау реттілігін зертте.

Поп-ап техникасында ерекше ғимарат жаса.

• Қалың қағаз парағын ал. Оны 7 см-ден төрт бағанға бөл. Қалған бөлігі желімдеуге кетеді (1-сурет).

• Барлық қарындаш сызықтарын қайшымен бастырып сыз, сонда олар жақсы бүгіледі (2-сурет).

• Сызық бойымен 3 см-ден өлшеп, нүктелер белгіле. Сол нүктелерді сызықтармен қос (3-сурет).

• Әрбір қиылысу нүктесінен 1,5 см өлше. Суретте көрсетілгендей осы нүктелердің арасын қос (4-сурет).

• Бұл сызықтарды қайшымен бастырып сыз (5-сурет).

• Парақты бүктеп, терезелерді білдіретін тіліктер жаса (6-сурет).

• Үйдің қабырғаларын бір жаққа бүкте, терезелерді басқа жаққа – ішке қарай бүкте (7-сурет).

• Енді үйдің қабырғасын желімде (8-сурет).

• Қабырғалары 8 см шаршы сыз. Шетінен 1 см қалдырып, сызық жүргіз. Сызықтарды қайшымен бастырып сыз. Шатыр шықты.

Оны үйдің төбесіне желімде (9-10-суреттер).

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтағы қауіпсіздік ережелері

Қайшыны үстелде ашық қалдырма. Жұмысты аяқтаған соң қайшыны қабына немесе органайзерге сал. Қайшыны сермеме, біреуге бергенде жабық күйінде сабы жағымен ұсын.

Өз жұмысыңды бағала

-
Жұмысты келесі критерийлер бойынша бағала:
1. Ғимараттың төрт қабырғасы бар.
2. Терезелер дұрыс және ұқыпты кесілген.
3. Ғимарат орнықты тұрады, құламайды.

Өзіңді тексер

Поп-ап техникасы дегеніміз не?

Болашақтың қаласы дамудың бірнеше негізгі бағыттарын қамтиды. Болашақтың қаласына қандай бағыттар қатысты емес екенін анықта.

Поп-ап техникасында модель жасау үшін қанша парақ қағаз қолданылады?

Сенің нәтижең

0%