Қоршаған әлемді сақтайық» инсталляциясы

Сен:

  • өнер белсендісінің кім екенін білесің;
  • шығармашылық жұмыс орындайсың.

Тірек сөздер:

  • өнер белсендісі

 

Суреттерді зерделе

Түрік суретшісі Дениз Сагдич Стамбул (Түркия) әуежайында жолаушылар қалдырып кеткен дәрі-дәрмектер мен олардың қаптамаларынан суреттер жасады.

Канадалық суретші-фотограф Бенджамин Фон Вонг 160 000 пластикалық түтікшелерден сурет жасады. Неліктен суретшілер өз жұмыстарында қалдық заттарды пайдаланды? Ойыңмен бөліс.

Суретші Дениз Сагдычтың
жұмысы

Суретші Бенджамин
Фон Вонгтың жұмысы

Білгенің жөн

Дениз Сагдич пен Бенджамин Фон Вонг өнер белсенділері болып табылады. Өнер белсендісі дегеніміз – қоғамдағы маңызды мәселелерге назар аударту үшін өнерді қолданатын адам. Өнер белсенділері табиғатты қорғауға назар аударту үшін қалдық материалдардан картиналар, мүсіндер немесе инсталляциялар жасайды. Өнер адамдарға қоршаған орта мәселелерін жақсырақ ұғынып, өзгеріске өз үлесін қоса алатынын түсінуге көмектеседі.

Сұрақтарға жауап бер

Неліктен Дениз Сагдыч пен Бенджамин Фон Вонг өз жұмыстарында ерекше заттарды пайдаланды?

Өнер адамдарға қоршаған орта мәселелерін түсінуге қалай көмектеседі?

Оқы, қызық!

Сәуле Сүлейменова – заманауи Қазақстандық суретші, өнер белсендісі. Оның «Целлофан суреттер» атты жобасы бар, онда барлық жұмыстар түрлі түсті пластик пакеттерден жасалған. Суретші өзінің суреттерімен адамдарды экологияға назар аударуға және келешек ұрпақ үшін қоршаған әлемді қорғап, сақтап қалуға шақырады.

Сәуле Сүлейменова.
«Целлофан суреттер» топтамасынан

Анықта

Суреттерге қара.

Шығармашылық жұмыстарды жасау үшін қандай материалдар қолданылған? 

Орындап көр
-

Пластикалық қақпақтардан ерекше гүлдер жаса. Пластикалық қақпақтар, ыстық желім, PVA желімін, түрлі түсті түймелер, А4 қағаз дайында.

1. Пластикалық қақпақтарды гүл болатындай етіп жинап, оларды бір-біріне мұқият жабыстыр (1-сурет).

2. Қағазды қарындашқа орап, түтіктер жаса. Ұштарын желіммен бекіт. Бұл – гүлдің сабақтары (2-сурет).

3. Гүлдерді сабақтарға жабыстыр. Сабақтың ұштарын түймелермен безендір (3-сурет).

4. Әдемі гүл шықты.

 

 

Сабақтағы қауіпсіздік ережелері

Ыстық желім тапаншасымен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік ережелерін сақта. Ыстық желім таяқшасының ұшына қолыңды тигізіп алма. Жұмысты аяқтаған соң оны тұғырға қой.

 

Өз жұмысыңды бағала

-
Гүлді критерийлер бойынша бағала.

1. Гүл 5-6 қақпақтан жасалған.

2. Күлтелер шеңбер бойымен біркелкі орналасқан.

3. Гүл сабаққа мықтап бекітілген.

Өзіңді тексер

Өнер белсендісі деген кім?

Сәуле Сүлейменованың суреттері қандай әрекеттерге шақырады?

Бұл жұмыстың авторы кім?

Сенің нәтижең

0%