Ескі заттардың жаңа өмірі

Сен:

  • ескі заттарды кәдеге жарату техникасын үйренесің;
  • тоқу техникасы көмегімен кілемше жасайсың.

Тірек сөздер:

  • пэчворк
  • тоқу

Суреттерді зерделе

Суреттерде ескі заттардан жасалған бұйымдар бейнеленген. Олар қандай материалдардан жасалғанын анықта.

Білгенің жөн

Жыл сайын қоқыс орындарына миллиондаған тонна тоқыма өнім қалдықтары келіп түседі. Олар қоршаған ортаны ластайды, өйткені матаның барлығы бірдей ыдырамайды. Сол себепті адамдар ескі заттарға жаңа өмір беру туралы ойлана бастады.

Тоқыма бұйымдарды қайта пайдалану арқылы қалдықтарды азайтып қана қоймай, олардан қайталанбас ерекше бұйымдар жасауға болады.

Анықта

Бұл өнімдерді жасау үшін қандай әдістер қолданылған? Олар қалай жасалған?

Оқы, қызық!

Ескі тоқыма материалдардан жаңа өнімдер жасау үшін келесі әдістерді қолдануға болады.

Тоқу. Мата таспаларын бір-бірімен байланыстырып тоқу арқылы бұйымдар жасау.

Аппликация. Мата қиықтарын негізге тігу немесе желіммен жабыстыру арқылы сурет жасау. Пэчворк. Мата қалдықтарын бір-біріне тігу арқылы үлкен сурет шығару.

Құрақ құрау. Мата қиықтарынан геометриялық фигуралар қиып, оларды құрастырып тігу арқылы өрнекті бұйым жасау.

Орындап көр
-

Тоқу техникасын пайдаланып, өрілген таспалардан кілемше жаса. Ескі тоқыма жейде, ыстық желім, скотч, қайшы, түрлі түсті жіптер мен сызғыш дайында.

1. Жейдеге аралары 4 см болатын белгілер жаса (1-сурет).

2. Жейдені таспаларға бөліп, кес (2-сурет).

3. Үш таспаның ұштарын біріктіріп, бір-бірімен байластырып тігіп таста (3-сурет).

-

4. Таспалардың тігілген ұшын қатты негізге скотчпен бекіт (4-сурет).

5. Таспаларды тығыз өрім етіп өр. Ұштарын ыстық желіммен бекіт (5-сурет).

6. Өрімді үстелден босатып, дөңгелете айналдыр. Дөңгелетіп айналдырған кезде араларын желімдеп отыр (6-сурет).

-

7. Осылайша бірнеше түрлі түсті орамдар жаса.

8. Дайын мата орамдарын кілемше шығатындай етіп бір-біріне жабыстыр (7-сурет).

9. Түрлі түсті кілемше шықты (8-сурет).

 

 

Өзіңді тексер

Неліктен тоқыма қалдықтары қоршаған ортаны ластайды?

Ескі тоқыма материалдарынан тоқу дегеніміз не?

Матаның бөліктерін негізге тігу немесе жабыстыру арқылы қандай техникамен сурет жасауға болады?

Сенің нәтижең

0%