Туған өлкенің гүлдері

Сен:

  • оригами техникасы туралы білесің;
  • оригами техникасында гүл жасайсың.

Тірек сөздер:

  •  оригами.

 

Суреттерді зерделе

Әр суреттегі гүлдерді орындау үшін қандай дәстүрлі және дәстүрлі емес материалдар пайдаланылған?

Білгенің жөн!

Қазақтың гүлді ою-өрнектері құнарлылықты, үздіксіз жаңа- руды, өмірдің жандануын және молшылықты білдіреді.

Оригами техникасымен таныс

Оригами – қағазды бүктеу арқылы түрлі пішіндер жасау өнері. Ол жапон тілінде «бүктелген қағаз» дегенді білдіреді.

Дәстүрлі емес

Дәстүрлі

 

Орындап көр

Оригами әдісімен Наурыз мерекесінің символы – қызғалдақ гүлін жаса

Гүлдің күлтелерін жасау

1. 15×15 см өлшемді қызыл түсті қағаз парағын суреттегідей қиғаштап екі рет және ортасынан екі рет бүкте (1-сурет).

2. Парақты суреттегідей етіп жина (2-сурет).

3. Үзік сызықтардың бойымен бұрыштарын жоғары қарай бүкте (3-сурет).

-

4. Шеткі бұрыштарын ортасына қарай бүгіп, бір-біріне кигіз. Екінші жағын да дәл осылай бүкте (4, 5-суреттер).

5. Қосылған ұштарын екі жағынан ақырын тартып, көлемді пішін жаса (6, 7-суреттер)

6. Күлтелерін ақырын ашып, сыртқа қарай қайыр (8-сурет). Нәтижесінде қызғалдақ гүлі пайда болды.

-
Гүлдің сабағын жасау7. 20×20 см өлшемді жасыл түсті қағаз парағын қиғаштап бүкте (9-сурет).8. Қағаздың қарсы жақтарын суреттегідей ортасына қарай бүкте (10-сурет).9. Іргелес жақтарын да ортасына қарай бүкте (11, 12-суреттер).

Оқы, қызық!

Регель қызғалдағы – ең ерекше қызғалдақ. Негізінен, жартасты беткейлерде және тастақ жерлерде өседі. Ол Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген.

Өз жұмысыңды бағала

1. Гүл көлемді болып шықты.

2. Гүл сабаққа жақсы бекітілген.

3. Оригами құламай, орнықты тұрады.

Өзіңді тексер

Қазақтың гүлді ою-өрнектері нені бейнелейді?

2. Оригами дегеніміз не?

Қай қызғалдақ ең ерекше болып саналады?

Сенің нәтижең

0%