Қағаздың қасиеттерін ескере отырып, қағаздан асқабақ жасап көр.
Алдымен түрлі түсті қағаз, тескіш, жасыл сым, жабысқақ таспа, қарындаш дайындап ал.
• Қызғылт сары түсті қағаздан 2х15 см өлшемді 15 қағаз жолағын дайында (1-сурет).
• Жолақтың екі шетінен тескішпен тесіктер жаса (2-сурет).
• Суреттегідей жасыл сым алып, бір ұшын шиыршықтап бұра (3-сурет). |
-
• Сымды жолақтардың бір шетіндегі барлық тесіктер арқылы өткізіп шық (4-сурет).
• Жолақтарды шеңбер бойымен біркелкі таратып, барлығының түйіскен жерін жабысқақ таспамен бекіт (5-сурет).
• Жолақтардың екінші шетін де сымға осылай біртіндеп өткіз (6-сурет). |
-
• Сенде осындай сопақтау шар шығуы тиіс (7-сурет).
• Жасыл қағаздан асқабақтың жапырақтарын қиып алып, тесіктер жаса (8-сурет).
• Жапырақтарды да сымға кигіз. Сымды қарындашқа орап, сабағын жаса. Асқабақ дайын (9-сурет). |