Жер Күнді айналғанда не өзгереді? • Жердің Күнді айналуынан қандай құбылыс болатынын білесің;• оның табиғатқа әсерімен танысасың. Жер Күнді айналғанда не өзгереді? 1 / 8 Бұл қандай модель? Балалар Жер өз осінен айналған кезде Күннің сәулесі Жерді қалай жарықтандыратынын эксперимент жасап анықтауға тырысты. Күн орнына үстел шамын қолданып, шеңбер құрып, сағат тіліне қарсы бағытта баяу қозғалды. Әрқайсысы бір толық шеңбер жасады. Бұл модельді қалай атауға болады? «Жердің Күнді айналуы» «Күннің Жерді айналуы» 2 / 8 Тәуліктің қай мезгілі? а) «Күнге» қарсы қарап тұрған кез түс түн 3 / 8 ә) «Күн» арқаңа түсіп тұрған кез түс түн 4 / 8 Мәтінді оқы. Жер бетінің температурасы Күн сәулесінің қалай әрі қаншалықты түсуіне байланысты. Қыс айларында Солтүстік жартышарға Күн сәулесі аз түседі де, күн қысқа, түн ұзағырақ болады. Ал солтүстік полюсте поляр түндері басталады. Жаз айларында Солтүстік жартышар тәуліктің көп бөлігінде Күнге бұрылады. Сондықтан түн қысқарып, күн ұзарады. Бұл кезде Солтүстік полюсте поляр күндері басталады. Жер осінен айналғанда Күнге әр бүйірімен қарайды. Ол өз орбитасына сәл еңкіш орналасқандықтан, Күн сәулесі бір жартышарға тік, ал екінші жартышарға көлбеу түседі. Тік түскен кезде Күн жерді қатты қыздырады, ал көлбеу түскенде қызуы аз болады. Мәтіңді тында. Мәтін не туралы? Жер бетінің температурасы Күн сәулесінің көлбеу немесе тік түсуіне байланысты болады Жер шарына Күн сәулесі үнемі біркелкі түседі Қосарлы айналу Сызбаға мұқият қара. Жер қалай айналады? Жыл мезгілдерінің ауысуы Жер шарының барлық аймағында бірдей емес. Бұл олардың қай жартышарда орналасуына байланысты. Экватор мен солтүстік полюс арасы Солтүстік жартышарға, ал экватор мен оңтүстік полюс арасы Оңтүстік жартышарға жатады. Солтүстік жартышарда жаз болса, Оңтүстік жартышарда қыс болады. 5 / 8 Модель жаса Балалар Жердің өз орбитасы бойымен Күнді айнала қозғалуының моделін жасады. Қолданылған заттар ненің «рөлін» атқарғанын анықта. Дұрыс жауапты белгіле. арқан-орбита, қолшам-Жер, доп- Күн арқан-орбита, қолшам-Күн, доп-Жер 6 / 8 Сәулелер жолы Суретте Күн сәулелері Жер шарының қандай бөліктеріне түсіп тұр? Соған қарап, елімізде жылдың қай мезгілі екенін анықта. жаз қыс 7 / 8 Жаңа жыл Қай елдер жаңа жылды жазда қарсы алады? Ұлыбритания, Латвия Бpaзилия, Aycтpaлия 8 / 8 Ойлан Егер Жер өз осінен айналмай, тек Күнді ғана айналып жүрсе, ғаламшарымызда не болар еді? Мәтінмен таныс. Өз пікіріңмен салыстыр. Жердің бір бетінде үнемі күндіз, екінші бетінде үнемі түн болады. Пікірің мәтіндегі оймен сәйкес келді ме? ИӘ ЖОҚ Күте тұрыңыз Ваша оценка 0% Начать сначала