Желдің пайдасы мен зияны

• желдің қандай пайдасы мен зияны бар екенін білесің.

Желдің пайдасы мен зияны

Жел пайдалы ма, зиянды ма?

3 жауапқа дейін таңдауға болады.

1 / 9

Суреттерге мұқият қара.
Желдің пайдасын бейнелейтін суреттердің нөмірін белгіле.

3 жауапқа дейін таңдауға болады.

2 / 9

Желдің зиянын көрсететін суреттердің нөмірін белгіле.

3 / 9

Мәтінді оқы.

    Желдің пайдасын адамдар ерте заманнан білген. Желдің жылдамдығын пайдаланып, желкенді кемемен саяхатқа шыққан. Жел диірменінде дақылдарды ұнтақтап, ұн жасаған. Желдің табиғатта да маңызы зор. Желдің көмегімен өсімдік тұқымы таралып, көбейеді. Жел бұлтты айдап, жаңбыр жауғызады. Ауаны тазартады.

    Қазіргі уақытта желді қуат көзі ретінде пайдаланып отыр. Оның күшінен электр энергиясын өндіреді. Мұндай энергияның экологиялық және экономикалық артықшылықтары көп. Ол қоршаған ортаны, ауаны ластанудан сақтауға және табиғат ресурстарын үнемдеуге мүмкіндік береді.

    Желдің зиянды әрекеті де бар. Желдің күші электр желілерін үзіп, ағаштар мен ғимараттарды құлатып, адам өміріне қауіп төндіреді. Теңіздер мен мұхиттарда алып толқын туғызып, кемелерге, жағаға жақын елді мекендерге зиянын тигізеді, дала мен орман өртін өршітеді.

Мәтін не туралы?

2 жауапқа дейін таңдауға болады.

4 / 9

Жел туралы нені білу керек?

Жел туралы білу не үшін қажет? Дұрыс тұжырымдарды таңда.

Желбағар (флюгер) үлгісін жасау.
Қажет заттар: пластик стақан, пластик түтік, түрлі түсті қағаз, қайшы, желім, кеңсе шегесі.

1 жауапқа дейін таңдауға болады.

5 / 9

Балалар модельді жасап болған соң, желдеткішті қосып, желбағарға бағыттады. Не үшін?

1 жауапқа дейін таңдауға болады.

6 / 9

Модель жасау кезінде пластик стақан бойына О, С, Б, Ш деген әріптерді жазу керек. Не үшін?

Мәтінді оқы.

    Жер бетінде суық ауа мен жылы ауа үнемі ауысып отыратындықтан, желдің жылдамдығы мен бағыты өзгеріп отырады. Желдің бағытын көкжиектің қай тұсынан соғуына байланысты анықтайды және оны сол бағыттың атымен айтады. Мысалы, жел солтүстіктен соқса, оны солтүстік (С) желі деп атайды. Желдің бағыты мен күшін анықтай білу парашют, тау шаңғысы, желкенді қайықпен жүзу, планермен ұшу сияқты белсенді демалыс және спорт түрлері үшін маңызды.

    Желдің бағытын желбағардың көмегімен анықтайды. Желбағар тік білік пен оған бекітілген көлденең бағыттаушыдан құралады. Бағыттаушы еркін қозғалып тұрады. Бағыттаушының бір жағы екіншісінен ауырлау болады. Жеңіл бөлігіне орнатылған бағыттама әрдайым желдің соғу бағытын көрсетеді. Ал ауыр жағы желдің көкжиектің қай тұсынан соғып тұрғанын білдіреді.

7 / 9

Жел туралы тұжырымдарды оқы. 
1) бұлтты айдап, әр жерге жаңбыр жауғызады
2) ауаны түтіннен тазартады
3) дала, орман өртін өршітеді
4) желкенді кеме желдің күшімен жүзеді
5) өсімдік тұқымын таратуға қатысады
6) электр энергиясы өндіріледі
7) электр желілерін үзуі мүмкін
8) жел күшін қолданатын спорт түрлері бар
9) мұхитта алып толқын туғызады

Қанша тұжырымдамада желдің пайдасы сипатталады? Санын жаз.

8 / 9

Қанша тұжырымдамада желдің зияны сипатталады? Санын жаз.

9 / 9

Ойлан

Сұраққа жауап бер.
Жыртқыш жануарлар неге желге қарсы жүреді?

Мәтінмен таныс. Өз пікіріңмен салыстыр.

    «Маугли» мультфильмін көрдің бе? Мульфильмдегі жыртқыштардың тұмсығымен ауаны иіскегендей болып тұрған сәттері есіңде ме?
Ауаның иісі болмайтынын, бірақ ол түрлі иісті тарататынын білесің. Жыртқыш аң желге қарсы жүру арқылы иіс алады, яғни жел жеткізген иіс арқылы маңайдағы жан-жануарды бағдарлайды. Сөйтіп жемтігін аулауға әзірленеді.

Пікірің мәтіндегі оймен сәйкес келді ме?

Күте тұрыңыз

Ваша оценка

0%

Сен білесің бе?

         Жер шарында тұрақты, яғни үнемі бір бағытта соғып тұратын желдер бар. Біздің елімізде тұрақты соғатын 23 жел анықталған. Олардың ішінде ең күштілері – Арыстанды-Қарабас, Мұғалжар, Ебі, Сайқан, Шілік, Атырау желдері.