Жауын-шашынға не жатады? • жауын-шашын туралы білесің. Жауын-шашынға не жатады? 1 / 14 Жедел жауап Күн райы деген не? ауа температурасы, қысым, бұлттылық, желдің бағыты және жауын-шашын туралы бір күнге арналған болжам жауын-шашын туралы ақпарат 2 / 14 Су айналымы деген не? табиғаттағы судың бір күйден екінші күйге өтіп, орын ауыстыруы өзен суының көлге келіп құюы 3 / 14 Су айналымында су қандай күйде кездеседі? газ тәрізді, сұйық, қатты ылғал, су, қырау 4 / 14 Мәтінді оқы. Жауын-шашын бұлттан пайда болады. Бұлт жер бетінен буланған су тамшыларының атмосфераның жоғарғы қабатында мұз қиыршығына айналып бірігуінен түзіледі. Бұлттан жер бетіне түсетін сұйық немесе қатты күйдегі ылғалды жауын-шашын деп атайды. Жауын-шашын жаңбыр, қар, бұршақ, шық, қырау, қылау түрінде болады. Шық пен қырау – ауадағы будың жер бетіндегі түрлі денелерге жанасуынан пайда болатын ылғал. Оның қырау болып қатуы немесе шық тамшысына айналуы ауа температурасына байланысты. Тұман ауада жиналған будан пайда болады. Қылау – аязды түні ағаш бұтағына, электр сымына, тағы басқа заттарға тұрып қалатын, қарға ұқсас, өте ұсақ мұз қиыршығы. Ал бұршақ қар мен жаңбыр тәрізді өте биікте түзіледі. Бұршақ жылы күндері жаз кезінде жауады. Ол – қатты, домалақ мұз түйіршігі. Ірі бұршақ шаруашылыққа зиян келтіреді. Мәтіңді тында. Мәтін не туралы? жауын-шашын түрлері мен түзілу жолдары жауын-шашынның көп түсуінің себептері Жауын-шашын түрлері 5 / 14 Кестедегі жауын-шашын сипаттамасын оқы. Жауын- шашын атауының тұсына фотосуретінің нөмірін жаз. Жаңбыр Проверить 6 / 14 Қар Проверить 7 / 14 Бұршақ https://e-oqulyq.nis.edu.kz/wp-content/uploads/2023/10/zhauyn-shashyngea-ne-zhatady.mp4 Проверить 8 / 14 Қырау Проверить 9 / 14 Шық Проверить Неліктен әртүрлі? Негеш жауын-шашынның түзілу жолы бірдей болса, онда неге кейде қар, кейде жаңбыр түрінде жауады деп ойлады. Бұл сұраққа жауап беру үшін ол кластер жасады. 10 / 14 Тиісті сөзді таңдап, кластерді аяқта. 1. жойылады буланады 11 / 14 2. атмосфераға гидросфераға 12 / 14 3. қар жауады жаңбыр жауады 13 / 14 4. қар жауады жаңбыр жауады 14 / 14 Ойлан Сұраққа жауап бер. Шөлде жауын жауа ма? Мәтінмен таныс. Өз пікіріңмен салыстыр. Шөлді жерде де жаңбыр жауады. Шөлді жерде күн ыстық болғандықтан, жаңбыр тамшылары жерге жетпей-ақ ыстық ауа әсерінен буланып кетуі мүмкін. Сондықтан адам жаңбырды мүлдем сезбей қалуы мүмкін. Пікірің мәтіндегі оймен сәйкес келді ме? ИӘ ЖОҚ Күте тұрыңыз Ваша оценка 0% Начать сначала Сен білесің бе? Жер бетіне түсетін жауын-шашын мөлшерін арнайы құралмен өлшейді. Есте сақта! Бұлттан жер бетіне түсетін сұйық немесе қатты күйдегі ылғалды жауын-шашын деп атайды.