Тұқым қалай түзіледі?

• тозаңдану үдерісімен танысасың;
• тозаңданудың өсімдік үшін маңызын түсінесің.

Тұқым қалай түзіледі?

1 / 6

Тозаңқап

Сызбаға қара.

Сызбада гүлдің қандай бөлігі ерекше көрсетілген?

2 / 6

Тозаңқаптың ішінде не болады?

3 / 6

Тозаң не үшін қажет деп ойлайсың?

Зертте

Сызбаны мұқият зертте. Мәтінде берілген ақпаратпен байланыстыр.

 

 

Мәтінді оқы.

    Өсімдік тіршілігіндегі маңызды үдерістің бірі – тозаңдану. Гүлдің тозаңы тозаңқаптың ішінде жетіледі. Ол жетілген кезде тозаңқап ашылады да, тозаң сыртқа шашылады. Шашылған тозаң гүлдің ортасында орналасқан жатынға түседі. Тозаңның жатынға түсуін өсімдіктің тозаңдануы дейді. Тозаңдану жүргеннен кейін өсімдік гүлінің орнында жеміс дамиды және тұқым түзіледі.

4 / 6

Эврика гүлдің тозаңдану үдерісін сипаттап жазды. Ол сипаттауында қате жіберді. Сипаттамаларды оқып, Эвриканың жұмысын белгіле.

1 жауапқа дейін таңдауға болады.

5 / 6

Анықта

Суреттерде өсімдіктің тозаңдануының қандай жолдары бейнеленген?

    Өсімдіктің тозаңдануына түрлі бунақденелілер, тіпті жел мен су да қатысады. Кейде қоршаған ортаның қолайсыз әсері өсімдіктің тозаңдануына кедергі келтіреді.

Қызықты ақпарат

Өсімдіктерді тозаңдандыруға жарғанат, колибри, аустралиялық кускус тәрізді жануарлар да қатысады.

 

6 / 6

Ойлан

Су өсімдіктері тозаңдана ма?

Мәтінмен таныс. Өз пікіріңмен салыстыр.

    Су өсімдігі – мүйізжапырақтың гүлі су түбінде ашылып, тозаңқаптары су бетіне қалқып шығады. Енді су бетіне шашылған тозаңы су түбіне қайтадан баяу бата бастайды. Сөйтіп, су түбіндегі гүлдің жатынына түседі. Міне, кейбір су өсімдігі осылай тозаңданады.

Пікірің мәтіндегі оймен сәйкес келді ме?

Күте тұрыңыз

Ваша оценка

0%

Сен білесің бе?

         Гүлдердің кейбірі белгілі бір бунақденелі арқылы ғана тозаңданады. Мысалы, бедені түкті ара мен балара ғана тозаңдандырады.

Есте сақта!

     Тозаңдану дегеніміз – тозаңның жатынға түсуі.