Табиғаттағы су айналымы

• табиғатта судың айналатыны туралы білесің;
• су айналымының табиғаттағы рөлін түсінесің.

Табиғаттағы су айналымы

Жедел жауап

1 жауапқа дейін таңдауға болады.

1 / 12

Су табиғатта қайда және қандай күйде кездеседі? Қате жауапты белгіле.

1 жауапқа дейін таңдауға болады.

2 / 12

Судың қасиеттері дұрыс жазылған жолды белгіле.

1 жауапқа дейін таңдауға болады.

3 / 12

Сызбада көрсетілген үдерістерді қалай атауға болады?

4 / 12

Мәтінді оқы.

    Табиғатта су жердің беткі қабатынан, гидросферадан атмосфераға көтеріліп, одан кері қайтып, үздіксіз қозғалады. Бұл булану, конденсация, жауын-шашынның түсуі мен су ағыны үдерістері арқылы жүреді. Күн сәулесі өзен, көл, теңіз және мұхиттардың бетін қыздырады. Судың беткі бөлігі буланып жоғары көтеріледі. Бу ауаның салқын қабатына көтерілгенде бірігіп, бұлтқа айналады. Ол жауын-шашын түрінде құрлыққа қайта түседі.

Жауын-шашын өзен, көл, теңіз және мұхиттардың суын толықтырады. Біраз бөлігі топыраққа сіңіп, өсімдіктерді қоректендіреді. Ал біраз бөлігі жер қыртысының топырақ, құм, тас қабаттарынан өтіп, сүзіліп, тазарып, жерасты суын құрайды. Жерасты суы бұлақ болып қайта ағып шығады да, өзен-көлдерге қосылады. Жер бетін күн қыздырғанда су қайтадан буланып ауаға көтеріледі. Судың осындай қозғалысы табиғаттағы су айналымы деп аталады. Су айналымы жер бетіндегі суды жаңартып отырады.

Мәтін не туралы?

Тамшының саяхаты

5 / 12

Инфографиканы пайдаланып, су тамшысының жолын ретімен жаз. Тиісті сөздер: бұлт, жерасты сулары, өзендер мен бұлақтар, жауын-шашын, булану. 

1.Мұхит

2.

6 / 12

3.

7 / 12

4.

8 / 12

5.

9 / 12

6.

7. Мұхит
Бұл – табиғаттағы су айналымы

Зертте

10 / 12

«Табиғатта су айналымы қалай жүреді?» зерттеу сұрағы бойынша жүргізілген жұмыстың нәтижесі мен қорытындысын белгіле.

11 / 12

Видеоны мұқият қара. Видео мазмұнына сәйкес келетін жауап нұсқасын белгіле. 

12 / 12

Ойлан

Сұраққа жауап бер.
Өсімдіктер табиғаттағы су айналымы үдерісіне қатыса ма?

Мәтінмен таныс. Өз пікіріңмен салыстыр.

    Табиғаттағы су айналымына өсімдіктер де қатысады. Олар тамыры, жапырақтары арқылы құрлықтағы ылғалды сіңіріп, қайта буландырады. Буланған су ауадағы су буына араласады. Міне, осылай өсімдіктер де табиғаттағы су айналымы үдерісіне қатысады.

Пікірің мәтіндегі оймен сәйкес келді ме?

Күте тұрыңыз

Ваша оценка

0%

Сен білесің бе?

    Жер бетіне бір күнде 306 миллиард литр су жауын-шашын ретінде түседі. Жаңбыр болып жауатын су тамшылары екі ай бұрын мұхит суы болуы мүмкін.

Есте сақта!

   Мұхит, теңіз, көл, өзен, мұздық, жерасты суы мен атмосфера суының барлығы табиғаттағы су айналымына қатысады.