Пайдалы қазбалардың маңызы

• пайдалы қазба қоры деген не екенін түсінесің;
• табиғи ресурстардың қоры қандай болатынын білесің.

Пайдалы қазбалардың маңызы

1 жауапқа дейін таңдауға болады.

1 / 7

Заттардың әңгімесі

Заттар сөйлей алады деп елестет. Олар не туралы айтуы мүмкін? Мысалы, ҚАРЫНДАШ өзі туралы не айтуы мүмкін?
Мені жасау үшін қандай пайдалы қазба қолданылады?

Біздің елімізде бұл пайдалы қазбаның қоры қандай?
Графиттің белгілі кен орындары Шығыс, Батыс және Оңтүстік Қазақстанда орналасқан. Ең белгілісі – Қалғұтты кен орны. Жалпы қоры 10 млн.т шамасында.

Пайдалы қазбалар мынадай бірліктермен өлшенеді:
• қатты пайдалы қазбалар – тонна (т);
• бағалы пайдалы қазбалар – килограмм (кг);
• сұйық пайдалы қазбалар – баррель;
• газ және құрылыс материалдары – текше метр (м3).

1 жауапқа дейін таңдауға болады.

2 / 7

Пaйдaлы қaзбa қоры

Кeстeдeгi мәлiмeттерді қолданып, пайдалы қазбалар қоры туралы сөйлемдерді толықтыр.
Жылына ... көмір өндіріледі.

 

1 жауапқа дейін таңдауға болады.

3 / 7

Мұнайдың қоры ...

1 жауапқа дейін таңдауға болады.

4 / 7

Алтынның қоры қанша жылға жететінін есепте.

    Тaбиғaт рeсyрстaры сaрқылaтын және сaрқылмaйтын болып бөлiнeдi. Күн көзінің энергиясы, жел, ауа, су – бұлар сарқылмайтын (таусылмайтын) ресурс.
Ал пайдалы қазбалар сарқылатын ресурсқа жатады.

1 жауапқа дейін таңдауға болады.

5 / 7

Ресурстар

Кестедегі ақпаратты оқы.
Кестені қалай атауға болады?

1 жауапқа дейін таңдауға болады.

6 / 7

Зертте

Өз сөмкеңдегі заттардың қайсысы қандай заттан жасалған?

Зерттеу жоспарымен таныс.
1. Сөмкедегі заттарының атауын кестеге жазу.
2. Заттарды қандай пайдалы қазбадан жасағанын анықтау.
3. Нәтижесін тіркеу.
4. Қорытынды жасау.

Нәтижесі

Зерттеу қорытындысын белгіле.

    Пайдалы қазбалар қоры дегеніміз – жер қыртысындағы кеннің жалпы мөлшері. Жер қыртысындағы пайдалы қазбалар қорының мөлшері олардың түзілу мерзіміне, құрамына байланысты әртүрлі болады. Пайдалы қазбалар қорының барлығын бірдей өндіру мүмкін емес. Кейбір кен орындары адам қолы жете алмайтын тереңдікте орналасады.

1 жауапқа дейін таңдауға болады.

7 / 7

Ойлан

Пайдалы қазбалардың қоры ұзақ мерзімге жетуі үшін не істеу керек?

Мәтінмен таныс. Өз пікіріңмен салыстыр.

    Пайдалы қазбалар әйтеуір бір кезде сарқылатыны белгілі. Сол кeздe адамдар нені пайдаланады, қалай тіршілік етеді? Ғалымдар пайдалы қазбаларды басқа ресурстармен ауыстыруды ойластырып жатыр. Бұл мәселе шешімін тапқанға дейін адамзат пайдалы қазбаларды үнемдеп тұтыну, сақтау шараларын орындауы керек.

Пікірің мәтіннің мазмұнымен сәйкес келді ме?

Күте тұрыңыз

Ваша оценка

0%

Сен білесің бе?

       Пайдалы қазбаны тұтыну мөлшері жыл сайын ұлғайып келе жатыр. Бұл ресурстардың сарқылуына әкелуі мүмкін. Себебі пайдалы қазбалар өте баяу түзіледі. Мысалы, көмір мен мұнай пайда болу үшін 300-350 миллион жылдай уақыт керек. Сондықтан ғалымдар пайдалы қазба қорын үнемдеу жолын үнемі қарастырады. Соның бірі – балама энергия көздерін пайдалану.