Пайдалы қазбалар қалай пайда болады?

• тау жынысының не екенін білесің;
• жер қыртысында пайдалы қазбалардың пайда болу жолдарымен танысасың.

Пайдалы қазбалар қалай пайда болады?

4 жауапқа дейін таңдауға болады.

1 / 8

Жедел жауап

Жердің қабықтарын ата.

1 жауапқа дейін таңдауға болады.

2 / 8

Пайдалы қазба қабықтардың қайсысында кездеседі?

Жер қыртысы

Басқа алып ғаламшарлармен салыстырғанда Жердің беткі қабаты қатты екенін білесің. Оны жер қыртысы деп атайды. Ол миллиардтаған жылдар бұрын қалыптасып, сыртқы және ішкі күштердің әсерінен үнемі өзгеріске ұшырап отырды. Жер қыртысының біраз бөлігі құрлықты құрайды, біраз бөлігі су астында жатыр. Жер қыртысы түрлі заттардан құралады. Сурет сызбаны қарап, жер қыртысында нелер бар екенін ата. Олардың қалай пайда болғаны туралы ойлан.

3 / 8

Мәтінді оқы.

    Жер қыртысын тау жыныстары құрайды. Тау жыныстары қатты, сұйық, борпылдақ болады. Жанартау атқылағанда жер бетіне магма шығады. Ол суыған кезде қатты жыныстарға айналады. Осындай қатты заттар магмалық тау жыныстары деп аталады. Гранит, темір, алтын, күміс – магмалық тау жыныстары. Олар таулы аймақтарда көбірек кездеседі.
    Шөгінді тау жыныстары жердің бетіндегі заттардың шөгуінен пайда болады. Олар көбіне жазық жерлерде кездеседі. Мұндай жыныстар, негізінен, тірі ағзалардың қалдығының ыдырап, шіріп, нығыздалуынан түзіледі. Бор мен әктас жануар сүйектерінің шіруінен пайда болады. Ал тұз ежелгі теңіздер мен көлдердің орнына шоғырланған.
Көмір, мұнай, газ, бор, әктас, тұз – бұлар шөгінді тау жыныстары.


Мәтін не туралы?

Тау жыныстарының пайда болуы

1 жауапқа дейін таңдауға болады.

4 / 8

Негеш пен Эврика жер қыртысында болатын үдерістерді инфографикамен бейнеледі.
Үдерістерді сипаттамасымен байланыстыр.
Ежелгі заманда ағаштардың құлауы, шіруі, нығыздалып, біртіндеп тау жынысына айналуы

1 жауапқа дейін таңдауға болады.

5 / 8

Мұхит түбінде тірі ағзалардың қалдықтарының шөгуі

1 жауапқа дейін таңдауға болады.

6 / 8

Жер қойнауындағы ыстық магма жер бетіне шығуы, оның суынып, қатып, тау жынысына айналуы

Зертте

Ресурстар: көмір, теміртас, тұз кесектері (минералдар коллекциясы) немесе нысандардың түрлі түсті суреттері

Зерттеу жоспарымен таныс.
1. Ресурстарды ұлғайтқыш шынымен қарау.
2. Әр минералдың құрылысындағы ерекшеліктерді анықтау.
3. Зерттеу нәтижелерін тіркеу.
4. Қорытынды жасау.

Зерттеу жұмысының нәтижесі

3 жауапқа дейін таңдауға болады.

7 / 8

Зерттеу жұмысын қорытындылау үшін қай тұжырымдарды қолданатыныңды белгіле. 

3 жауапқа дейін таңдауға болады.

8 / 8

Ойлан

Табиғатта алтын қандай күйде кездесуі мүмкін?

Мәтінмен таныс. Өз пікіріңмен салыстыр.

    Алтын – пайдалы қазба, оны жер қойнауынан қазып алады. Сонда табиғатта кездесетін алтын қандай болады?
    Алтын – магмалық тау жынысы. Оны басқа тау жыныстарынан бөліп алады. Алтын екені бірден көрініп тұратын кен өте сирек кездеседі.

Пікірің мәтіннің мазмұнымен сәйкес келді ме?

Күте тұрыңыз

Ваша оценка

0%

Сен білесің бе?

       Тау жыныстарын минерал деп те атайды. Олар бір-бірінен құрамы, қасиеті, сыртқы түрі жағынан ерекшеленеді. Минералдар көбіне кристалдардан тұрады. Кристалл – көпжақты, қатты табиғи дене. Сирек кездесетін минералдарға алмаз, платина, саф күміс, графит жатады. Кең тараған минералдарды өз өлкемізде жиі кездестіреміз. Олар: дала шпаты, кварц, слюда.

Есте сақта!

        Мұнай, газ, көмір, әктас, гипс, бор тірі ағзалардың қалдығынан пайда болған. Тұз, саз – суда пайда болған шөгінді тау жыныстары. Темір, мыс, алтын, күміс, гранит – магмалық тау жыныстары.