Неліктен біз денелерді көре аламыз?

• жарықтың шағылуының маңызын түсінесің;
• жарықтың кедір-бұдыр беттен қалай шағылатынын білесің.

Неліктен біз денелерді көре аламыз?

Еске түсір

1 / 7

Қай суретті сипаттағанда «айнадай» деген сөзді қолдануға болады?

2 / 7

1-суреттегі  құбылыс қалай аталады?

Топтарға бөл

3 жауапқа дейін таңдауға болады.

3 / 7

Айналық беті бар нысандарды белгіле.

3 жауапқа дейін таңдауға болады.

4 / 7

Беті кедір-бұдыр деп саналатын нысандарды белгіле. 

Зертте

Шағылу құбылысы қалай жүреді?

1 жауапқа дейін таңдауға болады.

5 / 7

Кітаптан жасалған құрылымның қалқасына жасырып қойған затты атау үшін Негеш нені қолданады?

3 жауапқа дейін таңдауға болады.

6 / 7

Мәтінді оқы.

    Жарық сәулесі беті жалтыр, айна тәрізді заттан жақсы шағылатынын білесің. Ал кейбір заттың беті кедір-бұдыр болады. Мысалы, парақтың, қабырғаның немесе тақтаның беті бізге тегіс болып көрінгенмен, айнадай жалтыр емес. Сондықтан олардың беті кедір-бұдыр болып саналады. Жарық кедір-бұдыр беттен де шағылады. Жарықтың шағылу құбылысының әсерінен айналадағы нысандарды көреміз.


Сызбаға қара. Айналық беттен жарық бір бағытта шағылады. Сондықтан ондай беттен өз бейнемізді көреміз. Кедір-бұдыр беттен жарық әртүрлі бағытта шағылады. Мұндай бетке қарағанда өз бейнемізді көрмейміз. Бірақ бұл заттың не екенін ажыратамыз. Мысалы, кітаптың беті кедір-бұдыр. Оған келіп түскен жарықтың шағылуы арқасында суреттері мен әріптерін көреміз.

Мәтін не туралы?

3 жауапқа дейін таңдауға болады.

7 / 7

Ойлан

Сұраққа жауап бер.
Тіс дәрігеріне айна не үшін қажет?

Мәтінмен таныс. Өз пікіріңмен салыстыр.

    Тіс дәрігерінің кейбір құралдары айналы болады. Ол айнасы бар құралын қолданып, адамның ауыз қуысындағы кез келген тісін қарай алады. Міне, осылай, тіс дәрігері жарықтың шағылу қасиетін өз жұмысында қолданады.

Пікірің мәтіндегі оймен сәйкес келді ме?

Күте тұрыңыз

Ваша оценка

0%

Сен білесің бе?

         Ай өзінен жарық шығармайды. Айдың бетінен Күн сәулесі шағылады.

Есте сақта!

    Жарықтың шағылу қасиетінің арқасында адам айналадағы денелерді көреді.