Кенді пайдалы қазбалар деген не?
• кеннің не екенін түсінесің;
• кенді пайдалы қазбаларды қалай өндіретінін
білесің.
Сен білесің бе?
Домна пешінің биіктігі 10 қабатты үймен бірдей. Пештің ішіндегі температура 1500°С-тан жоғары болады. Қазақстандағы ең ірі домна пеші Теміртауда орналасқан.