Электроскоп не үшін қажет?

• зарядтардың оң және теріс болатынын білесің;
• түрлі материалдардың электрөткізгіштігін қалай зерттеуді білесің.

Электроскоп не үшін қажет?

1 / 3

Қызық құбылыс

Негеш ойын-сауық кезінде қызық құбылысты байқады.

 

Модель жаса

Электроскоп моделін жаса.
Қажет заттар: 1 литрлік банка, ортасынан тесілген банка қақпағы, металл сым (екі ұшы иілген), фольга.

1. Фольгадан шар жасау, оны сымның иілген бір ұшына орналастыру.

2. Сымды қақпақтың тесігінен өткізу.

3. Фольгадан қиылған тілшені ортасынан екіге бүктеп, темір сымның иілген екінші ұшына ілу.

4. Банканы қақпақпен (оның тесігінен бір ұшында фольга-шар, екінші ұшында тілшесі бар сым өткізілген) жабу.

Электроскоп дайын болды. Енді тарақты немесе қаламды шашқа үйкеп фольгадан жасалған шарға тигізсе, банканың ішіндегі тілше екіге айырылады. Бұл заряд пайда болды дегенді білдіреді. Енді шарды қолымен ұстаса, заряд жоғалып, тілше бастапқы қалпына келеді.

 

2 / 3

Зертте

Зерттеу жоспарымен таныс.
1. Металл сымның, шыны түтікшенің, ағаш сызғыштың, пластмасса сызғыштың дәл ортасынан жіп байлау.
2. Екі электроскопты қатар орналастыру.
3. Тарақты шашқа үйкеу.
4. Бір электроскоптың шарына шашқа үйкелген тарақты тигізу.
5. Нәтижені тіркеп, аралық қорытынды жасалады: бірінші электроскоп зарядталды.
6. Шыны түтікшені (сызғыштарды, сымды) жібінен ұстап, зарядталған электроскоп пен зарядталмаған электроскоптың шарларына тигізу
7. Нәтижені тіркеу.
8. Қорытынды жасау.

Зерттеу нәтижесі

 

Зерттеу нәтижесі бойынша қандай қорытынды жасалады?

    Электрөткізгіштік құбылысын 18 ғасырда ағылшын ғалымы Стефан Грей ашты. Ол металл сым электр өткізетінін, ал жібек жіп өткізбейтінін анықтады. Сонымен қатар Грей заттарды электр өткізетін және өткізбейтін деп екі топқа бөлді.

3 / 3

Ойлан

Екі электроскопты салыстыр. Қайсысында заряд бар?
Қайсысында заряд жоқ? Заряд қайда кетті?

Мәтінмен таныс. Өз пікіріңмен салыстыр.

    Сабақ басында зарядталған электроскопты қолымен ұстағанда, зарядталып тұрған электроскоптың тілшесі төмен түсті, яғни заряды жоғалды. Заряд фольга шарды ұстаған баланың денесіне тарады. Бұл адам денесінің зарядты жақсы өткізетінін білдіреді.

Пікірің мәтіннің мазмұнымен сәйкес келді ме?

Күте тұрыңыз

Ваша оценка

0%

Сен білесің бе?

          Таза су электр зарядын өткізбейтінін білесің бе? Бірақ суға тұз салсаң, ол жақсы өткізгішке айналады.