Бунақденелілер қалай дамиды?

•бунақденелілердің даму кезеңдерін білесің.

Бунақденелілер қалай дамиды?

2 жауапқа дейін таңдауға болады.

1 / 15

Жедел жауап

Бунақденелілер деген не?

1 жауапқа дейін таңдауға болады.

2 / 15

Олардың «бунақденелілер» деп аталуының себебі неде?

2 жауапқа дейін таңдауға болады.

3 / 15

Бунақденелілерді белгіле

4 / 15


Мәтінді оқы.

    Бунақденелілердің көбі өсімдік жапырағына жұмыртқа салады. Мысалы, көбелек жұмыртқасын «жауынан» қорғау үшін жапырақтың астыңғы бетіне жасырады.Біраз күннен соң жұмыртқадан оның дернәсілі – жұлдызқұрт пайда болады.

    Жұлдызқұрт өсімдік жапырағымен қоректенеді. Уақыт өте келе жұлдызқұрт қоректенуін тоқтатып, қауіпсіз орынға жасырынады. Ол өсімдікке жабысып, өзінің сыртынан жібек жіпшелермен орана бастайды. Жіпшелер бір-біріне жабысып, қабыршаққа айналады. Бұл – көбелек дамуының келесі сатысы. Оны қуыршақ деп атайды. Қабыршақтың ішінде жұлдызқұрттың көбелекке айналу кезеңі жүреді. Ол толық жетілгенде қабыршақ жарылып, көбелек сыртқа шығады. Осылай көбелек тіршілігінің жаңа сатысы басталады. Енді көбелек гүл шірнесімен қоректенеді, біраз күннен соң өзі де жұмыртқа сала алады.

Мәтін не туралы?

Зертте

Сурет сызбаларды мұқият қара. Әр бунақденелінің дамуы неше кезеңнен тұратынын жаз.

 

Кезең санын жаз.

5 / 15

Қаңқыз

Кезең санын жаз.

6 / 15

Шегіртке

    Көбелектің, қаңқыздың дамуы жұмыртқа, дернәсіл, қуыршақ, ересек бунақденелі деген төрт саты арқылы жүреді. Ал шегіртке жұмыртқа, дернәсіл, ересек бунақденелі деген үш саты арқылы дамиды. Ересек шегіртке мен дернәсілінің түр-сипаты ұқсас болғанымен, мөлшері әртүрлі болады.

7 / 15

Көбелек

Сызбаны мұқият қара. Көбелектің сипатталған әрекеті дамуының қай кезеңіне сәйкес келеді? Сызбадан тиісті санды тауып, ұяшыққа жаз.  

Бұл кезде ол жапырақпен қоректенді.

8 / 15

Бұл кезеңде ол бір жерден екінші жерге қозғалмайды.

9 / 15

Енді ол ұша алады.

10 / 15

Көбелек жапыраққа жұмыртқалады.

1 жауапқа дейін таңдауға болады.

11 / 15

Масаның дамуы

Масаның даму сатыларының дұрыс ретін анықта.

1.

1 жауапқа дейін таңдауға болады.

12 / 15

2.

1 жауапқа дейін таңдауға болады.

13 / 15

3.

1 жауапқа дейін таңдауға болады.

14 / 15

4.

1 жауапқа дейін таңдауға болады.

15 / 15

Ойлан

Сұраққа жауап бер.
Неліктен көбелектің ұрпағы дамудың әр сатысында өзгеріп отырады?

Мәтінмен таныс. Өз пікіріңмен салыстыр.

    Егер ересек көбелектің өзі де, оның жұлдызқұрты да гүл шірнесімен қоректенетін болса, онда олар өзара бәсекелеседі. Бұл қоректің жетпеуіне әкелуі мүмкін. Бунақденелілер ұрпағының дамуының әр сатысында әртүрлі қоректенуі олардың тіршілігін сақтауына көмектеседі.

Пікірің мәтіндегі оймен сәйкес келді ме?

Күте тұрыңыз

Ваша оценка

0%

Сен білесің бе?

          Күйе көбелектің теріден, жүннен жасалған заттар мен киімдерге зияны жоқ. Бұл киімдерді оның жұмыртқасынан шыққан дернәсілдері жейді.