Ауаның маңызы қандай?
• адам тіршілігі үшін ауаның маңызды екенін түсінесің;
• ауаның түрлі салаларда қолданылуын білесің.
Сен білесің бе?
Зерттеушілер үй ішіндегі ауаның сырттағы ауаға қарағанда қатты ластанатынын анықтады. Бөлмені желдетпесе, үй ішіндегі оттек пен көмірқышқыл газдың арақатынасы өзгеріп, адам өзін нашар сезіне бастайды. Сондықтан сынып бөлмесінің де, үйдің де ауасын жиі тазартып тұру қажет.